Previous Page  5 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 462 Next Page
Page Background

(

5

АЛªÛ Ñ¯Ç

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

үлгі тұтып, ұлы ұстанымдарды жүзеге асыру бақытына қол жеткізген.

Жаратылысына сәйкес

«ең көркем пішінде»

ғұмыр кешіп, иләһи

қауышуға жеткен...

Құран Кәрімде:

«

(Ей, Мұхаммед!)

Бұл Құранды өзінен бұрын

түскен кітаптарды растаушы және мүминдер үшін жол бастаушы әрі

сүйіншілеуші ретінде Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл сенің жүрегіңе

түсірді»

делінген

(Бақара сүресі, 97-аят)

.

Яғни Құран, пайғамбарымыздың жүрегіне түсу арқылы оның күллі

іс-әрекетінде көрініс тапты. Сөйлеген сөзінде, жасаған ісінде, ұжданында

және сезімдерінде, қысқасы бар болмысын билеп алды. Осылайша

пайғамбарымыз санаулы ғұмырында сөйлейтінҚұран тәпсіріне айналған

еді. Хақ Тағала иләһи ақиқат пен ізгіліктерді оның ұлы тұлғасында

көрсетті.

Кісі, сүйген жанынан үлгі алады. Оның тұлғасына қайран болып

өтеді. Сүйген жанның сүйіспеншілік деңгейі, жақсы көрген адамының

бойындағы сипаттары, өз бойында көрінгенде байқалады. Яғни оны

өзіне үлгі тұтуына тікелей байланысты. Көпшілік өзінің көсеміне қарай

белгілі бір жүйеге келеді. Пайғамбарымыздың ұлы кісілігі баурап алған

сахабалар, оның нұсқаулары мен тәрбиесінің аясында адамзат тарихына

«алтын дәуірді»

сыйға тартты. Сахабалар Хунейнде ол арқылы ерліктің

дәмін татты. Ұхудта тәуекел мен разылықтың қандай болатындығын

онымен бірге аңғарды. Сахабалардың жұмыста, жанұяда, саудада, адами

қарым-қатынастарда, қоғамдыққызметтерді, көркеммінез-құлықтажәне

құлшылыққа қатысты іс-әрекеттерінде Пайғамбар (с.а.у.) басты үлгі

болды. Сахабаларды сахаба еткен, оларды көркем ахлақ пен ізгіліктің

шыңына көтерген ұстаным, оған иман келтіру және оны өздеріне үлгі

тұтулары еді.

Құран Кәрімде:

«

(Ей, Мұхаммед!)

Шынында сен ұлы ахлаққа иесің»

(Қалам сүресі, 4-аят)

делінген. Пайғамбарды бұл аяттан басқа нәрсемен

таныту мүмкін емес. Аллаһ Тағала адамзат тарихындағы ұлы ахлақ

пен ізгіліктердің заңғар биігін оның бойында орын алуын, барша адам

баласына үлгі болуын мұрат еткен.

Сондықтан дүниедегі мұсылманы бар, кәпірі бар барлығы оның ұлы

ахлақы мен ізгілігіне қайран. Азулы мүшріктердің бірі болған әрі: «Біз

сенің

әмин

(сенімді) және

садық

(сөзің мен ісің тура) екендігіңді білеміз.

Бірақ әкелген нәрсеңе қарсымыз» деген Әбу Жәһілден бастап бүгінгі

күнімізге дейінгі ислам дұшпандары Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұлы

кісілігін мойындап келген. Тарих оның ізгіліктерінің әр ғасырда заңғар

биіктен көрінгендігіне әрдайым куә болып келеді.

Міне сол мыңдаған мысалдардың бірі: