Previous Page  6 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 462 Next Page
Page Background

(

6

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Америкалық ғалымМихайл Харт 1979 жылы адамзат тарихындағы ең

ықпалдыжүз адамды таңдап алу үшін зерттеу жүргізді. Ұлы тұлғалардың

қабілеттерін, күрестерін, атқарған істері мен қол жеткізген табыстарын

компютерьге тіркеді. Бірнеше айға созылған зерттеу өз нәтижесін берген

еді. Компютерьде өзіне жүктелген мағлұматтарға сүйене отырып, талдау

жасады. Дүниенің ең ықпалды тұлғасының есімін таңдады. Ол

Хазірет

Мұхаммед

(с.а.у.) болды.

Зерттеудің артынша француз журналы «Le Point» Хазірет Мұхаммед

Мұстафаны (с.а.у.) 1979 жылы «жыл адамы» деп атады. 29 желтоқсан

1979 жылы шыққан газеттер бұған мынадай түсініктеме берді: «Хазірет

Мұхаммед, 571-632 жылдар аралығында өмір сүрсе де дүниеде оның

ықпалы өте үлкен. Миллиондаған жандар оның көрсеткен жолымен

жүріп келеді

(Зафер журналы, 97/3-8)

.

Өйткені, оның көрсеткен жолымен жүру адамзатқа тек тыныштық,

бақыт, мейірімділік ұсынбақ.

Оның ізімен жүру, тірі Құранға айналу сырын аңғару болмақ.

Мына нәрсені ұмытпалық, тарихта Пайғамбарымызға деген

сүйіспеншілік пен иман нұрына бөленіп, оның салған сара жолына жан-

тәнімен берілудің туын тасу қадірлі халқымызға нәсіп болған еді. Бұл

ақиқатты, әрбір халық ер азаматын «кішкене Мұхаммед» деген мағынаға

сәйкес келетін «мехметшік» деп атаулы дәлелдей алады. Шүбәсіз әрбір

азаматты бұлай деп атау, Пайғамбарымыздың кішкене бір моделі болу

тілегінен туған нәрсе. Ол атауды қазіргі таңға дейін сақтап келсек

те, бұл сезім мен ойға қаншалықты ие болғандығымызды һәм лайық

екендігімізді жеке-жеке, барша халық болып өзімізден сұрауымыз қажет

секілді.

Сол бұрынғы абырой мен қадірге қайта қол жеткізу үшін ұлы

Пайғамбарды жан-тәнімен сүюіміз әрі әрбір іс-әрекетімізді оның іс-

әрекетімен салыстыруымыз ләзім. Ол үшін оның әрбір сөзін, әрекетін

толықтай түйсініп, жүрегімізбен тануымыз әрі танытуымыз, әрі оның

рухани дүниесінен нәр алып, әрі оның сара жолында сәтті қадамдар

жасау үшінкөптеген тер төгуіміз керек. Бірақ, бұлардыжүзеге асыру үшін

алдымен оның ізімен жүрудің әрі қалай сәтті қадамдар жасау керектігін

жақсы аңғарып алуға мәжбүрміз. Осыны жеткізу үшін «ізгілікке толы

ғұмыр кешудің» екінші томын жазуды қолға алдық. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) ғұмырында бір жүйеге енген ізгілік қағидаларын белгілі мазмұн

шеңберінде жеткізуге тырыстық. Бұрын жазылған еңбектерімізден,

басқа да құнды еңбектерден ізгілік кестелерін құрастырдық. Алайда,

кітабымызға енген ізгілік кестелері, көркем ахлақтың шыңына байрақ

тіккен Пайғамбарымызды (с.а.у.) суреттуде дариядан алынған бір

тамшы су іспетті екендігін ескерген жөн. Ол бұл кітапта айтылған немесе