(
7
АЛªÛ Ñ¯Ç
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
айтылмаған ізгіліктерді өз бойында жинаумен шектеліп қалмаған. Оның
ізгілік көкжиегі, күллі адамзат қолданған барша мадаққа сыймайды.
Хазірет Әлидің айтқаны секілді:
«Сендерге Аллаһтың Елшісінен (с.а.у.)
бір хадис-шәріп, бір сөз немесе бір уақиға нақыл етілгенде, Аллаһтың
Елшісінің һидаят, туралық және тақуалық тұрғысынан үстем және биік
екендігін біліп қойыңдар»
(Ахмет, 1, 122)
.
Осындай жауапкершілік сезімі мен мұқияттылыққа сүйене отырып
оның бұл дүниеде және ақыретте пайдасы тиетін
істерді
, дүниені
жәннатқа айналдыратын
мәмілелер
тұрғысында қолданған әдістерін
мүмкіндігімізше танытуға күш салдық. Әрі осы бағытта Аллаһ Елшісінің
қанатының астында тәрбиеленген саңлақ сахабалардың, пайғамбардың
мирасқорлары болып саналатын әулиелердің, оның ізімен жүрген
ізгі тұлғалардың ғибратқа толы өмірлерінен мысалдар нақыл етуге
тырыстық.
Ниетіміз: Аллаһ Елшісінің, ардақты сахабалардың және әулиелердің
көркем ахлағынан кішкене болса да пай алу. Құран ахлағының тірі
мысалына айналу. Ғұмырымызды Аллаһ және Оның Елшісіне лайықты
ізгіліктермен өткізу. Барша мүмкіншілігімізді осы сара жолда сарып ету.
Мәңгі бақыттың бұлақ суынан нәр тату.
Осы сәтті пайдалана отырып, еңбектің жарық көруіне ерен еңбек
еткен Мұрат Кайа бастаған барша ғылым жолында жүрген бауырларыма
шексіз алғысымды білдіремін. Жасаған еңбектерінің «садақа жария»
ретінде қабыл етілуін Хақ Тағаладан тілеймін.
Раббымыз, барша жақсы ниеттерімізді разылығымен түйістірсін!
Амал дәптерімізді ізгіліктерге толтырсын. Жүрегіне түсірілген
уахидың ықпалымен тірі Құранға айналған Аллаһ Елшісінің (с.а.у.)
рухани дүниесінен пай алуымызды нәсіп етсін. Сол арқылы біз де
оның үмбеті болуға лайық кейіпке еніп, дәл сол ізгіліктерден тиесілі
еншімізді алалық.
Уа, Раббым! Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жолында, оған деген
сүйіспеншілікпен һәм оның ахлақы және ізгіліктерімен өмір сүруімізді
баршамызға жеңілдет!
Әмин!..
Осман Нұри Топбаш
Сәуір айы, 2007 жыл
Үскүдар/Стамбұл