(
13
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ұстамағандар (көбірек) сауап алды»
, - деді
(Бұхари, Жиһад 71; Мүслим, Сиям
100-101; Нәсай, Саум 52)
.
Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) барша саналы ғұмырын қызмет етумен
өткізген. Әуелі, ол бүткіл өмірін адамдардың тура жолға түсуіне, ішкі
жан дүниелерінің рухани байлыққа кенелуіне және т.б. секілді ұлық
қызметке арнаған. Сонымен қатар өзге қызметтерді де ең көркем түрде
атқарып отырған.
Мысалы, Қағба қайта жөнделгенде, Құба мешіті және пайғамбар
мешіті салынғанда, Хандақ оры қазылғанда сахабалардың қарсылығына
қарамастан олармен бірге жұмыс істеген. Сахабаларымен бірге бір
күні серуенге шығады. Олардың әрбірі өзіне лайықты іс алғанда,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) отынжинаудыөз мойнына алады. Сахабалардың:
«Сіз әуре болмаңыз. Біз сіздің орныңызға, өзіміз істейміз», - дегендеріне
көнбей, өз ісін ойдағыдай атқарып шыққан-ды. Өзімен кездесуге келген
ру елшілеріне үлкен мән беріп, өзі бас болып қызмет ететін. Үйде болса
өзін көруге келген жанға көрпеше төсеген. Егер сыртта болса үстіндегі
киімін шешіп, қонағының астына төсеген.
Барша ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл
ұлы қарапайымдылығы, қызметі үмбеті үшін таптырмас үлгі-өнеге.
Негізінде оның күллі өмірі Хақ Тағалаға, адамзат баласына және барлық
жаратылысқа қызмет етумен өткен. Ол тәрбиелеген ұрпақ өз өмірлерін
Аллаһ Елшісіне арнаған. Аллаһ жолында қызмет ету, олардың ләззат
алатын ісіне айналған.
Бауырлық сезім жойылып, қоғам тынышы мен рақаты жоғалған,
өшпенділік пен дұшпандықтың өршіп тұрған мына заманда, бұл қызмет
рухына асқан зәрулік бар. Мұндай шақта істелінген болмашы қызметке,
Аллаһ Тағала үлкен сауап береді. Бұл жайлы Хазірет имам Раббани
былай дейді.
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне және оның үкімдеріне еріп
нығметіне бөленген жан нендей бақытты! Қазіргі таңда оның әкелген
дінінің хақ екендігіне иланып, істелген азғана іс, үлкен іс ретінде қабыл
етіледі»
(Мәктубат Раббани, 44 мәктуб)
.
Сондықтан, өзімізді және ұрпағымызды Аллаһ Елшісінің (с.а.у.)
ұлық қызмет рухымен тәрбиелеуіміз қажет. Кез келген қызметті, істі
шын көңілмен сүйіп, шынайы пейілмен атқарып, ізгілік үлгісі боларлық
халге келуіміз керек.
Алайда, жасалған қызметтің Аллаһ құзырында қабыл болуы үшін
бірнеше шарттары бар. Олар: ықылас, мейірімділік, халықшылдық және
істің, қызметтің Аллаһ разылығы үшін атқарылуы.
Қызметте сылбыр қимылдау, жалқаулық таныту, шын пейілмен