Previous Page  17 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 462 Next Page
Page Background

(

17

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

табылады. Өйткені ол шақта, момындардың қолында Құран Кәрімнен

өзге құрал жоқ еді. Тек оны үйрену және үйретумен шектелетін. Осы

бағытта ардақты сахабалар көптеген машаққаттарға тап болып, исламды

адамзат баласына жеткізуге күш салды.

Тәблиғ қызметінде алға қойған мақсатқа жету үшін, әуелі Құран

Кәрімнің тереңдіктеріне бойлай білетін қабілет қажет. Мұнымен

шектеліп қалмай, Құран Кәрім ұсынған көркем ахлақты бойға сіңіру

керек. Өйткені елді исламға дағуат ететін кісі, Құран Кәрімнің жанды

бейнесіне айналуы қажет. Яғни, исламның ғажайыптарын, әмірлерін өз

бойынан көрсете білуі ләзім. Міне, елді исламға дағуат етудің ең тиімді

жолы осы.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетіне әрдайым тәблиғ қызметін мүлтіксіз

атқаруды, оның үлкен жауапты іс екендігін айтып отырған. Бұл жайлы

сөз қозғалған хадис-шәріптерге көз жүгіртейік:

«Менен бір аят болса да, адамдарға жеткізіңдер!»

(Бұхари, Әнбия 50)

.

«Бізден бір хадис естіп, оны басқаларына жеткізу үшін сол күйінде

жаттаған кісінің Аллаһ Тағала жүзін нұрландырсын! Өйткені бізден

естігенімен, одан артық оны (хадисті) түсінетін, әрі іске асыратын

көптеген жандар бар»

(Тирмизи, Білім 7)

.

Адамзат баласын жамандық атаулыдан тыйылуға шақырып,

жақсылық жасауға үгіттеу, Хақ Тағалаға деген иманымыздың деңгейін

көрсетеді. Төмендегі мына хадис-шәріп соғ н ишарат етеді.

«Араларыңнан кімде-кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін.

(Қолымен түзетуге) шамасы жетпесе тілімен түзетсін. (Тілімен

түзетуге) шамасы жетпесе, жүрегімен жек көрсін. Бұл (яғни тым

болмаса жүрегімен жек көру) иманның ең әлсіз халі»

(Мүслим, Иман 78)

.

Бір күні ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарды

жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға мынадай мысал келтірген

болатын:

«Бір кемемен сапар шеккен жолаушылар екіге бөлініп, бір бөлігі кеменің

үстіңгі қабатына, ал бір бөлігі кеменің төменгі қабатына орналасты.

Кеменің төменгі қабатына жайғасқандар: «Су алып келу үшін қайта-

қайта жоғары шығып, үстіңгі қабаттағылардың мазасын алып жүрміз.

Оның орнына, кеменің табанын тесіп, суды сол жерден алайық», - десті.

Бұл жағдайда, егер үстіңгі қабаттағылар, төменгі қабаттағыларға

кедергі жасамаса, барлығы батып кетеді. Ал егер олар төменгі

қабаттағыларға кемені тесудің үлкен қателік екендігін түсіндірсе, һәм

өздерін һәм өзгелерді тұншығып батудан құтқарып қалады»

(Бұхари,

Шәһадат 30; Тирмизи, Фитан 12)

.