Previous Page  19 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 462 Next Page
Page Background

(

19

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрып

«сенімді, шыншылдық»

тағы да

басқа ұнамды қасиеттерімен ел арасында танылған. Өзін-өзі тәрбиелей

алмаған, бойына игі қасиеттер жинамаған кісінің тәблиғ қызметіне

кірісуі бос арамтерлікпен тәмамдалады. Міне осындай жандар, шаш

ал десе, бас алатындардың кейпін киеді. Елді Исламға шақырамын деп

жүріп, залалын тигізеді. Ел-жұртты үркітіп, діннен, иманнан шығарады.

Хазірет Әлидің (р.а.) айтқаны секілді: «Қисықтың көлеңкесі қисық

болады» демекші, бұрыс әдістен дұрыс нәтиже шықпайды. Бұл ақиқат.

Хақ Тағала Құран Кәрімде исламға дағуат етудің әдісін былай деп

баяндайды.

«

(Уа, Мұхаммед! Адамдарды)

Раббыңның жолына даналық пен

көркем үгіт арқылышақыр! Әрі олармен ең көркем түрде күрес»

(Нахыл

сүресі, 125-аят)

.

Хазірет Әли (р.а.) хикмет пен дұрыс уағыз-насихаттың құндылығын

былай деп жеткізеді.

«Адамдарды терең ойғашомдыратын хикметті сөздер арқылынасихат

етіңдер. Сонда ғана көңілдері тыншиды».

«Жүрегіңе тек уағыз-насихат арқылы қуат бер. Хикметпен

нұрландыр. Дағуатта түсінікті тіл, ұғымды әдіс қолдану қажет. Хазірет

Мәулана: «Қанша білсең де, айтқандарың қарсы алдыңдағы адамдардың

түсінгеніндей ғана болады»,-деп тіл мен әдістің маңыздылығын тілге

тиек етеді.

Мұсылманшылықты елге жаю қызметінде мән берілуі керек болған

нәрселердің бірі, бұл істі атқаратын кісі өз жауапкершілігін және

кез келген жанды бағалай білуі қажет. Қарсы алдындағы кісінің Хақ

Тағаланың қадірлі құлы екендігін жадынан шығармауы керек.

Сөз қозғап отырған тақырыптарымызға қатысты адамзат тарихы куә

болған ізгілік мысалдарына көз салалық!

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елді Хақ Тағалаға дағуат етудегі жігері

мен қайратын Хазірет Әли (р.а.) былай деп жеткізеді.

«

(Уа, Мұхаммед!)

сен әуелі жақын туыстарыңа ескертужаса!»

(Шура

сүресі, 214-аят)

аяты түскенде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мені шақырып алды.

Маған қарап: «Ей, Әли! Ұлық Аллаһ, ең жақын туыстарыма ескерту

жасауымды әмір етті. Қатты мұңайып қалдым. Өйткені мен, қауымыма

бұл істі айтар болсам, міндетті түрде жағымсыз нәрселер естимін.

Ей, Әли! Бізге бір қазан ас дайында. Оған қойдың бір санын сал.