Previous Page  20 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

20

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Сүт әкеліп қой. Артынша Абдулмутталибтің ұлдарын шақыр. Олармен

сөйлесейін. Аллаһтың әмірін, оларға жеткізейін», - деді.

Хазірет Әли Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұйрығымен әзірлеген асты,

әлгі туыстарына тарту етті. Бір кісіге әрең жететін тағамның, қырық

кісіге жеткендігін көрген Әбу Ләһаб: «Таң қаларлық жайт! Мынау бізді

сиқырымен баурап алды. Шынында, бүгінгі сиқырдан асқан сиқыр

көрмедік», - деп Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) сөз бермеді.

Әбу Ләһабтың сөздері Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қатты тиді. Ләм-мим

деп жақ ашпады. Отырғандар тарап кетті.

5

Бірақ Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тап болған қиыншылықтарына

мойымастан, міндетін сабырлықпен жалғастырды. Ертеңіне туыстарын

қайта жинады. Дәл сондай қиыншылыққа қайтадан душар болды. Соған

қарамастан ол, оларды Исламға дағуат етті.

6

Пайғамбарымыздың(с.а.у.)бұләрекетінентәблиғтағысабырлылықты,

сый-сияпаттылықтыжәнемұныңжылышыраймен атқарылуыкеректігін

байқаймыз. Өйткені кез келген жан сый-сияпаттың құлы.

***

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні Сафа төбесіне

шығып Құрайыш руының барша атасын шақырды. Олардың барлығы

Сафа төбесінің маңына жиналды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) биік бір

жартастың үстіне шығып: «Уа, Құрайыш! Мына таудың етегінде яки анау

сайда дұшпанның атты әскері тұр, сендерге шабуыл жасамақшы. Дүние-

мүліктеріңді талан-тараж етпекші деп айтсам, айтқан сөзіме нанар ма

едіңдер?» - деді.

Құрайыштықтар еш ойланбастан: «Иә, сенеміз. Өйткені сені осы

күнге дейін шыншыл деп білеміз. Сенің өтірік айтқаныңды еш есітпедік

те көрмедік», - десті.

7

5. Ахмед бин Ханбал, әл-Мүснәд, Станбул 1992, І, 159; ибн Әсир, әл-Кәмил фит-Тарих,

Бейрут 1979-1982, ІІ, 62; ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, Кайр 1993, ІІІ, 88-89.

6. Ахмед І, 159; ибн Сағд, әт-Табақатул-Кубра, Бейрут, Дару Садр І, 187; Хайсами,

Мәжмағуз-Зәуәид, Бейрут 1988, VIII, 302.

7. Бұл жерде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әуелі Исламға шақыру үшін адамгершілікті

анықтаттыруда. Өйткені адамдар ең алдымен мінез-құлқына тәнті болады да содан

кейін барып мойынсұнады. Қазіргі таңда да Исламды жаюшылардың сол сияқты

адамгершіліктерін паш етіп қоғамдағы халыққа сенімді, шыншыл, турашыл деген сеніміде

болулары ләзім. «Ясин» сүресінде айтылып өткен Хабиб ән-Нажжар Исламға шақыруда

салиқалы жандардың адамгершілік негіздерін былай айтады:

«

»

«(Ей, қаумым!) Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге

еріңдер. Олар тура жолда»

(Ясин сүресі, 21-аят)

Сондай-ақ аятта Исламға шақырудың

тек қана Аллаһ ризалығы үшін әрі шақырушылардың әуелі өз бағыт-бағдарларын

анықтап алу керектігі де баяндалуда.