Previous Page  21 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 462 Next Page
Page Background

(

21

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Қарсы алдындағы жандардың бұл құптауынан кейін Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) оларға төмендегі мына ақиқатты жеткізді:

«Олай болса мен қазір сендерге, алдарыңда азабы қатты қияметтің

бар екендігін, Аллаһқа иман келтірмегендердің сол қатты азапты

тартатындығын айтпақшымын. Мен, сендерге сол азапты ескерту үшін

жіберілдім.

Уа, Құрайыш! Сендерге деген менің халім, дұшпанды көріп қалып,

жанұясына зиян тигізуінен қорқып дереу хабар беруге шапқан кісінің халі

секілді.

Уа, Құрайыш! Сендер ұйықтап жатқан кісіге ұқсап өлесіңдер.

Ұйқыдан оянған жан тәрізді, қайта тірілесіңдер. Сендер міндетті түрде

қабірлеріңнен шығып, Хақ Тағаланың құзырына барасыңдар. Сол жерде

дүниедегі барша іс-әрекеттеріңнің есебін беретіндіктеріңде күмән жоқ.

Жасаған игіліктерің мен құлшылықтарыңның сый-сияпатын аласыңдар.

Немесе жаман істеріңнің жазасын тартасыңдар! Сый-сияпат мәңгілік

жәннат. Ал жаза, мәңгілік тозақ».

8

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) бұл сөзіне қарсы шығар ешкім көрінбеді. Тек

туысы Әбу Ләһаб: «Әй, екі қолың семіп қалғыр! Бізді осы жерге сол

үшін шақырдың ба?» - деп жағымсыз сөздер айтты. Пайғамбарымызды

(с.а.у.) мұңайтты.

Әбу Ләһабтың мұндай әрекетіне, оны және әйелін қорлайтын, әрі

тозақтық екендіктерін жария еткен «Тәббат» сүресі түсті.

«Әбу Ләһабтың екі қолы семіп қалсын! Семіп те қалды.

(Жиған)

дүние-мүлкі мен тапқан малы оған пайда бермеді. Ол, алаулап жанған

тозаққа тасталады. Мойнында есілген арқаны бар әйелі

(тозаққа)

отын

арқалап кіреді»

(Тәббат сүресі, 1-5 аяттар); (Бұхари, Тәфсір 26/2, 34/2, 111/1-2;

Мүслим, Иман 355)

.

***

Пайғамбырымыздың (с.а.у.) ішкі жан сарайының кемелдікке жеткені

соншалық, барша адамзат баласын тура жолға түсіруді қалаған еді.

Сондықтан ислам дінін жер-жиһанға жаю үшін өзінің саналы күллі

ғұмырын сарп етті. Өзіне жүктелген иләһи міндетті мүлтіксіз атқару,

оны адамзаттың асқар шыңы етті. Міндетін атқаруға кедергі болатын

дүниелік ұсыныстардың бәрінен бас тартып, Аллаһқа құлшылық етуді

бірінші жолға қойды. Ислам діні жайылып жатқан алғашқы күндерінде

болған мына уақиға соны айғақтай, растай түседі.

8. Бұхари, тәпсір 26; Мүслим, Иман, 348-355; Ахмед І, 281-307; ибн Сағд І, 74, 200; Белазури,

Әнсабул-Әшраф, Мысыр 1959, І, 119; Сәмира әз-Зайд, әл-Жәми фис-срәтин-Нәбәуйия,

әл-Матбағатул-Ғилмиия І, 357-359.