(
27
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шұғайыптың (а.с.) қауымын Аллаһқа дағуат еткендегі көріністердің
бірі, Құран Кәрімде былай деп баяндалады.
«
Шұғайып қауымына қарап: «Уа, қауымым! Егер менің, Раббым
тарапынан маған берілген
(бұлтартпас)
айғағым және ол маған көркем
ырыздық нәсіп етсе, бұған не дейсіңдер? Сендерге тыйым салған
нәрселерімнің терісін іске асырып, сендерге қарсы келуді тілемеймін.
Мен тек шамам жеткенше, түзетуді қалаймын!
(Ісімнің)
сәтті болуы
тек Аллаһқа байланысты. Мен оған тәуекел еттім! Әрі тек соған
мойынсұнамын», - деді»
(Һұд сүресі, 88-аят)
.
Осы аяттағы Шұғайыптың:
«Сендерге тыйым салған нәрселерімнің
терісін іске асырып, сендерге қарсы келуді тілемеймін»
деуі, сендерге
өзім іске асырып жүрген істерді жүзеге асыруды әмір етемін. Егер қандай
да бір нәрсеге тыйым салсам, одан әуелі өзім аулақ боламын» деуге
саяды.
Аллаһқа дағуат етуде бұлжайт аса маңызды болып табылады. Өйткені
өзі жүзеге асырмаған істі, өзгеге қалай насихат етпек? Ақылға қонымды
дүние еместігі ақиқат.
Аллаһ Тағала бұл жайлы былай дейді.
«
(Уа, әһлул-кітап ғұламалары!)
сендер кітапты
(тәуратты)
оқып,
(ақиқаттарды түйсіне тұра)
, адамдарға жақсылық жасауды бұйырып,
өздеріңді ұмытпақсыңдар ма? Неге ой жүгіртпейсіңдер?»
(Бақара сүресі,
44-аят)
.
«Уа, иман келтіргендер! Сендер, іске асырмайтын істер жайлы неге
сөз қозғайсыңдар? Іске асырмайтын істер жайлы сөз қозғауларың,
Аллаһ құзырында үлкен ашуға себепші болады»
(Саф сүресі, 2-3 аяттар)
.
***
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Александрияның әкімі
Муқауқисқа елші етіпХатибибнБалтағаны(р.а.)жібергенеді.Муқауқис,
Аллаһ Елшісіне біраз сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар, апалы-сіңлі
Мәрияжәне Сиринді сыйға тартты. Хатиб (р.а.) жол-жөнекей бұл апалы-
сіңлі екеуіне Исламды танытып, мұсылмандықты қабыл етулерін өтінді.
Олар оның сөздерін тыңдап, иман келтірді
(Ибн Сағд VIII, 212)
.
Яғни, Хатиб (р.а.) олардың ақиқатқа көз жеткізуі үшін Меккеге
жетуін күтпей, Аллаһқа дағуат етуді алғашқы туған сәттен-ақ мүлтіксіз
атқарған еді.
***
Ардақты сахабалар күллі іс-әрекеттерінің Аллаһ разылығына ілігуі
үшін тер төгетін. Сондықтан барша мүмкіндіктерін, күш-қуаттарын
Аллаһқа дағуат ету үшін аянбай жұмсайтын. Олардың пікірінше өмірдің