Previous Page  29 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 462 Next Page
Page Background

(

29

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

исламмен жаңа танысып, тура жолға түскендерге көмек ретінде елу күміс

ақша берілетін. Ол шақта дінін ауыстырған кісі қазіргі таңдағы секілді

барша туысынан, жамағатынан тіпті жұмыс орнын жоғалтып алатын.

Сондықтан тура жолға түсіп, мұсылмандықты қабыл еткендерге әсіресе,

жесір әйел мен жалғызбасты қарияларға үй, күнкөрісі қамтамасыз

етілетін.

14

***

Қысқасы, Хақ Тағаланың жолына, игілікке дағуат ету ісінде біздің

міндетіміз ешнәрседен тайынбастан, үмітсіздік пен босаңсуға жол

берместен, шектен шықпай қызметті жалғастыру болып табылады.

Сонымен қатар істің жемісін, нәтижесін Аллаһтан күтіп, тәуекел етуден

тұрады.

Өйткені Хақ Тағала мұсылманды тек өзі және жанұясынан ғана

емес, маңайындағы ортадан да жауапты еткен. Мұсылманның басты

парыздарының бірі, жақсылық жасауға шақырып, жамандықтан тыюды

мүлтіксіз орындауы қажет. Аллаһ Тағала бұл парызды орындағандарға,

һәм өзіне һәм маңайындағы жандарға екі дүниенің бақытын тарту

ететіндігін уәде еткен. Ал керісінше, дағуатжасаудан бас тартып, міндетін

атқармағандардың үлкен зиянға душар болатындығын ескерткен.

а) Жақсы үлгі-өнеге болу

Аллаһқа дағуат ету қызметінде әсерлі сөз айту және жақсы нәтижеге

қол жеткізу үшін әуелі өзгеге үлгі боларлық мінез әрі тұлғалық

көрсету қажет. Өйткені іс жүзінде аспаған, үлгі боларлық мысалдармен

өрнектелмеген ақиқаттар теория ретінде ғана қалып қояды. Өмірдегі өз

орнын ала алмаған пікірлер тек кітап беттерінде қалуға мәжбүр болады.

Олай болса кез келген мұсылманның исламға деген қызметі, әуелі

оны өз өмірінде мүлтіксіз жүзеге асыруынан басталмақ. Өйткені айтқан

сөзін, іс-әрекетімен өрнектей алмаған жанның өзгеге істетуі мүмкін

емес.

Аллаһ Тағала кісінің сөзі мен өзінің, сөйлегені мен әрекетінің қарама-

қайшыболмауынәміреткен.

15

Пайғамбарымыз (с.а.у.)мұндайжандардың

соңының қайғылы болатындығын былай деп ескертеді:

«Қиямет күні бір кісі сүйреп әкелініп, тозаққа лақтырылады. Ішектері

ақтарылып қалады, диірмен айналдырған есек тәрізді айналады.

Тозақтықтар қасына келіп: «Ей пәленше! Мынаған қалай тап болдың? Сен

бізге жақсылық жасауды әмір етіп, жамандықтан тыйатын едің ғой?!»

14. Илбер Ортайлы, Османлыйы иениден кешфетмек, Станбул 2006, 139-б.

15. Саф сүресі, 2-3 аяттар.