¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
34
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мәселеде айғақтығы басымдау дәлел жететін болса, ол мәселеде менің
пәтуама ермеңдер. Бұл исламдағы кемелдіктің белгісі. Маған деген
сүйіспеншіліктерің тек осындай жағдайда байқалады», - деп өсиет
ететін.
17
***
Халифа Омар ибн Абдулазиз адамдарға үлгі болу мәселесінде
тарих куәлік еткен алып тұлғалардың бірі еді. Оның көптеген игі іс-
әрекеттерінің бірі мынадай болды:
Бір күні түнде халифаның үйіне уәзірлердің бірі келді. Халифа одан:
«Маған мезгілсіз келуіңнің себебі не»? - деп сұрады.
Уәзір: «Қарастыруымыз керекті болған бір мәселемен келдім», - деп
жауап берді.
Омар ибн Абдулазиз: «Сенімен бөлек бір бөлмеде бірге отырып
мәселе қарайтын артық шамым жоқ. Бәйтулмалдан (мемлекеттік
қазынадан) тек бір шамға жететін май алып жүрмін. Оны жанұяммен
бірге қолданамын», - деді.
Уәзір: «Ертеңгі алатын майыңызды бүгінге жаздырып, бәйтулмалдан
алсақ қалай болады?» - деп сұрады.
Халифа: «Жарайды», - деп жауап беріп, құжат толтырып қазына
қызметкеріне беріп жіберді.
Қазына әмірі құжатты оқып шығып: «Бұл ертеңгі майдың құжаты.
Жеткіліксіз. Халифаның ертеңге дейін тірі болатындығына қатысты тағы
бір құжатқа қол қоюы қажет. Оны маған алып кеуіңіз керек», - деді.
Мұны естіген уәзір шарасыз қалды. Өз үйіндегі шамды алып,
халифаның үйіне бет алды. Қарастырылуы керек болған мәселеге көз
жүгіртіп, шешімге келгеннен кейін уәзір халифаға қарап: «Мырзам!
Бәйтулмалдан алып жүрген нәрселеріңіздің жеткіліксіз болатындығы
байқалып жүр. Оларды бұдан былай арттыруға әмір етіп өліміңізден
кейін балаларыңызға, немерелеріңізге қажетті дүниесін жинасаңыз
қайтеді? - деп сұрады.
Халифа Омар ибн Абдулазиз былай деп жауап берді.
«Егер менің ұрпағым ізгі кісілердің қатарына кірсе, таршылыққа тап
болуларынан қорықпаймын. Өйткені Хақ Тағала Құран Кәрімде:
«Ол
(Аллаһ)
, ізгі жандардың
(қауіпсіздігі мен ризық-несібесін)
өз мойнына
алады»
, - дейді
(Ағраф сүресі, 196-аят)
. Егер Аллаһ олардың істерін жүргізуді
өз мойнына алып жатса, неден қорқамын. Ал егер керісінше ұрпағым
ақылсыз кісілердің қатарына кірсе, Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
17. Ибн Абидин, Хашйиету ибни Абидин, Дамаск 2000, І, 217-219.