¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
36
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бір-бірін жақсылық жасауға үгіттейтін.
19
***
Хазірет Абдулла ибн Мубарак мінезі нашар кісімен бірге сапар
шеккен еді. Сапар бітіп, айырылысқаннан кейін Абдулла ибн Мубарак
өксіп-өксіп жылай бастады. Оның бұл халіне таңырқаған достары:
«Неге жылап тұрсың? Сенің соншалықты жаныңа батқан не нәрсе?» -
деп сұрады. Қадірлі әулие терең тыныс алып, жасаураған күйде: «Сонша
жер менімен сапар шегіп келген жолдасымның нашар мінезін түзей
алмадым. Ол бишараның ахлағынжөндей алмадым.Меніңбір кемшілігім
болып, оған пайдам тимеді-ау деп ойлаймын. Егер шынымен-ақ менің
кемшілігім себеп болып, тура жолға түспесе ертеңгі халім не болмақ?» -
деді. Кейін көз жасына булығып, өксіп жылауын жалғастырды.
***
Ұзын сөздің қысқасы, кісі өз көзі көрген нәрседен тәлім алуға бейім
келеді. Үлгі боларлық жақсы нәрсеге кезіксе, дереу еліктейді. Сондықтан
исламды және көркем ахлақты тәлім еткенде, ол қасиеттердің бойда
болуы аса маңызды. Яғни, үйренгенімізді іс-әрекетімізбен өрнектей
алсақ, тек сөзденқұралғаннасихаттанәсерлі, артықболатындығыдаусыз.
Жағымды қасиеттерді бойына сіңірген жандардың, Хақ Тағалағаның
жолына дағуатта, игілікке шақыру қызметінде табысты болуларының
сыры осыда жатыр.
Исламды тәблиғ еткенде, өзгелерге үлгі боларлық қасиеттердің
мұсылманның бойынан табылуы, жау пкершілігінің жеңілдеуіне
себепкер болады. Өйткені, мұсылман баласы өзі іске асырмаған ислам
әмірлерін, өзге жанның жүзеге асыруын әмір етсе Хақ Тағаланың
ескертуіне душар болады.
Кейде Аллаһ Тағала кез келген жанның айтқан яки жазған
ақиқаттарының шын пейілділігін білу үшін емтиханнан өткізуі мүмкін.
Мұны жадымыздан шығармалық! Айтқан сөзін іс-әрекетімен өрнектей
алмаған жанның емтиханнан өтуі екіталай дүние ағайын!
ә) Жылы сөзді болу
Аллаһ Тағала құлдарының тура, түсінікті, әсерлі, жылы, сыпайы сөз
сөйлеулерін қалайды. Құран Кәрімде:
«Уа, Мұхаммед! Құлдарыма,
сөздің ең жақсысын қолдансын деп айт! Шайтан олардың арасына
іріткі салады.
(Өйткені)
шайтан адам баласының қас дұшпаны»
, - деп
айтылған
(Исра сүресі, 53-аят)
.
19. Табери, Тарихул-Умәм уәл-Мүлк, Кайр 1939, V, 266-267; Ахмед Жевдет Паша, Қисаси
Әнбия уә Тауарихи Хуләфа, Станбул 1976, І, 717.