(
31
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Еш қорықпа! Аллаһ сені ешқашан қор қылмайды. Өйткені сен
туыстық қатынасты үзбейсің, тура сөйлейсің, шамасы жетпегендердің
жүгінтасисың.Пақырғажақсылықжасайсың.Ешкімніңбереалмайтынын
бересің. Қонақты күтесің. Хақ жолында болатын уақиғаларға жәрдем
етесің. Аманатқа қиянат жасамайсың. Әрі сенің ахлағың өте көркем
(Бұхари, Бәдул-Уахи 1; Мүслим, Иман 252; ибн Сағд I, 195)
.
Күмәнсіз бұл айтылған сөздер, ғаламның рақым нұры, жүздеген
мың жанның көңілінде ерекше орны бар, ахлағымен барша адамзат
баласына үлгі болған Аллаһ Елшісінің ұлылығының тек бір бөлігін ғана
көрсетеді.
***
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) исламға шақырған хаты жеткен Умман
патшасы Жуланди, әуелі ғаламның мақтанышы Аллаһ Елшісі жайлы
мәлімет сұрастырды. Пайғамбарымыздың ұлы ахлағынан, ізгіліктерімен
танысқаннан кейін мұсылман болды. Әрі таңданысын былай деп
жеткізді.
«Аллаһ Тағала маған бұл умми пайғамбарды тануды нәсіп етті. Ол
тек өзі жүзеге асырған жақсылықты ғана өзгеге әмір етеді. Әрі өзі күллі
жамандық атаулыдан аулақ болып, өзгелерді жамандықтан тыйады. Ол
міндетті түрдежеңіскежетеді. Ешкімоған кедергі бола алмайды.Шүбәсіз
ол мұратына жетеді. Қиыншылыққа душар болмайды. Ол келісім-
шартқа опасыздық жасамайды. Уәдесінде тұрады. Мен еш күмәнсіз
оның пайғамбар екендігін қабыл етемін»
(Ибн Хажар, әл-Исаба I, 262)
.
Шынында Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір нәрсені әмір еткенінде, әуелі оны
өзі жүзеге асырып үлгі болар еді. Кейін момындар оған шын пейілімен
еліктеп, құлшылық толқынысына бөленіп одан көргендерін іске
асыратұғын. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең көп қолданған тәлім
әдістерінің бірі. Оған қоса бұл әрекет ол әкелген діннің ақиқат екендігін
көрсететін бұлтартпас айғақтардың бірі болып табылады. Өйткені ол
біреуге бір нәрсені әмір етсе. Әуелі өзі оны іске асырған. Біреуді бір
нәрседен тыйған. Алайда әуелі өзі сол жағымсыз әрекеттен аулақ болған.
Біреуге насихат айтқан. Алдымен өзі сол насихаттан пай ала білген.
Адамдарды Аллаһтың азабымен қорқытқан. Ең қатты қорыққан да өзі
болған. Аллаһтың мейірімін айтып, адамдарды үміттендірген. Үмітін
үкілегендердің ең ұлысы өзі болған...
***
Мәлік ибн Хуайрис (р.а.) былай деп әңгімелейді.
«Жасымыз шамалас он шақты кісі (исламды үйрену үшін) Аллаһ
Елшісіне (с.а.у.) келдік. Соның қасында жиырма күн қалып қойдық.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) аса рақымды, мейірімді жан еді. Жүзіміздегі