(
33
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Яғни, өмірінде бар болғаны бір-ақ мәрте кешіктіруге мәжбүр болған
еді.
***
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) харамдарды тәркетуіне қатысты
мысалдардың бірі мына төмендегідей.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алтыннан жасалған әсемдік бұйымдарды
қолданудың мұсылман еркектерге харам екендігін асхабына білдіріп
жатқанда қолындағы алтын жүзікті шығарып, сахабаларына қарап: «
Мен
мына алтын жүзікті тағып жүруші едім. Әрі жүзіктің көзін қолдың ішіне
қаратып жүретінмін»
, - деп лақтырып жіберді. Кейін:
«Уаллаһи, оны
екінші мәрте тақпаймын»
, - деді
(Бұхари, Айман 6)
.
Шариғат еркектерге алтын жүзік тағуға және тағы басқа сол секілді
нәрселерді қолдануға тыйым салған. Өйткені, Аллаһ Тағала еркектердің
еркектік қасиеттерін, ал әйелдердің әйелдік қасиеттерінің бұзылмай
сақталуын мұрат етеді. Жоғарыда айтылғандай Раббымыз күллі иләһи
үкімдерді іске асыру үшін, Аллаһ Елшісі Пайғамбарымызды үлгі алар
тұлға ретінде бізге нәсіп етті. Сондықтан, адамдарды Аллаһтың дініне
және Оның разы болатын істеріне шақыру үшін, дәл Пайғамбырымыз
(с.а.у.) тәрізді орындауымыз қажет. Яғни, оларды тек сөз жүзінде
қалдырмай, өз өмірізде іс-әрекетімізбен өрнектей алсақ нұр үстіне нұр
болар еді.
***
Адамзат баласы өзі үлгі тұтар тұлға болмаса саналы ғұмыр кеше
алмайды. Олардың жағымды немесе жағымсыз, өзі үлгі алар тұлға
тауып алары даусыз. Сондықтан үлгі болатын тұлғалардың, әсіресе діни
мәселелермен айналысатын кісілердің мінсіз болулары қажет. Өйткені
олардың діни мәселедегі болмашы қателігі, қоғамның басым көпшілігіне
кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Тіпті көптеген кісілердің тура жолдан
шығуына себеп болары сөзсіз. Бір күні Имам Ағзам Әбу Ханифа
балшықты кешіп жүрген баланы көрді. Мейірімділікке, рақымдылыққа
толы келбетімен күлімсіреп: «Балам! Абайлап жүр! Құлап қалма», -
деді. Бала да ақылды және парасатты көзбен имамға бұрылып қарап:
«Уа, имам! Әуелі сен абайла! Құлап қалма! Өйткені ғалымның құлауы,
ғаламның құлауы демек. Мен құласам түгім кетпейді. Залалын тек мен
көремін. Бірақ сенің аяғың сүрініп кетсе, сенің соңыңнан ерген халықтың
аяғы сүрінеді. Ал олардың барлығын қайта аяққа тұрғызу машақатты
іс», - деді.
Әбу Ханифа бұл сөздерді естіп, қатты әсерленді. Сол күннен бастап
кез келген мәселені шәкірттерімен бірге ұзақ уақыт қарастырғаннан
кейін ғана пәтуа беретін болды. Шәкірттеріне: «Егер сендерге кез келген