¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
28
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ең қымбат, ең құнды тұстары адамзат баласына таухид түсінігінжеткізген
сәттер болып табылады. Дарға асылайын деп тұрған сахаба, өзіне соңғы
үш минуттық сәтті берген, ақиқаттан жұрдай мақрұм болған жендетке
қарап: «Бұл үш минуттық сәтті маған бергендігіңе дән ризамын. Өйткені
сен берген үш минутта, саған таухид ақиқатын жеткізіп, тура жолға
түсуіңе себепкер болармын», - деген-ді.
***
Сұлтан Фатих Мехмет хан шығыс Рим императорлығына қарсы
жорық ұйымдастырып, Трабзонға бет алған еді. Қалың әскер қаланың
арт жағынан келіп, шабуылдау үшін таулы және орманды жермен жүріп
келе жатқан болатын. Бағзы уақытта балташылар алға түсіп, жол ашып
отырды. Жолдың нашарлығынан Фатихтің астындағы ат сүрініп кетті.
Фатих сұлтан бір үлкен тасқа жармасайын деп аласұрып жатқанда
қолы қанап кетті. Мұны көріп тұрған, өзімен бірге еріп келе жатқан
Ұзын Хасанның шешесі қолға түскен сәтті пайдаланып: «Ұлым! Ханның
ұлы хансың! Ұлы падишасың! Трабзон секілді кішкене қамал үшін
мұншалықты машаққатқа түсуің дұрыс па?» - деді.
Өйткені Ұзын Хасан рим императорымен туыстық қарым-қатынас
құрған болатын. Сондықтан анасын сұлтан Фатихті бұл жорықтан бас
тартқызу үшін жіберген еді. Сұлтан Фатих қолы қанаған күйде: «Уа,
қарт ана! Қолымызда ұстаған қылыштың исламның қылышы екендігін
білмей місің? Мұншалықты машақатқа түсуіміздің себебі, тек өзге жерді
жаулап алу үшін деп ойлама. Барша төккен теріміздің, еңбегіміздің
Аллаһтың дініне қызмет ету, адамдарды тура жолға салу үшін ғана, мұны
біліп қойғайсың. Ертең Аллаһтың құзырына қарабет болып шықпау
үшін. Қолымызда исламды күшейту және жаю мүмкіндіктері бола тұра,
бірнешемашақатқа түспейжанрақатын таңдасақ, бізге «ғази» (қаһарман)
деген ат лайық бола ма? Кәпірлерге барып исламды жаймасақ, олардың
азғындықтарына кедергі болмасақ, Аллаһтың құзырына қандай жүзбен
шықпақпыз?» - деді.
13
***
Адамдарға исламды үйретумен қатар олардың мұқтаждықтарын
өтеуді де ұмытпау қажет. Әсіресе исламмен жаңа танысқандар, алғашқы
күндерде көптеген қиыншылықтарға тап болуы әбден мүмкін. Бұл
күндер олардың материалдық және рухани қолдауға аса зәру болатын
күндері. Ғасырлар бойы исламның туын желбіретуді өз мойнына алған
ата-бабаларымыз бұл істі аса үлкен мұқияттылықпен атқарған. Осман
империясының заманында үлкен мәжілістің кезекті отырысынан кейін,
13. Кыналызаде Али Ефенди, Девлет ве Айле ахлакы, Ахмед Караман, 191-192; Мустафа
Нұри Паша, Нетайжул-Уқуат, Анкара 1987, І-ІІ, 45.