(
25
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қаласаң мына екі тауды (Меккедегі Әбу Құбайыс пен Қуайқиған
таулары) олардың үстіне тастап жіберейін», - деді.
Мен: «Жоқ! Мен, Хақ Тағаладан олардың нәсілінен тек Аллаһқа
құлшылық ететін, оған серік қоспайтынжандардышығаруынқалаймын»,
- дедім
(Бұхари, Бәдул-халқ 7; Мүслим, Жиһад 111)
.
Екі дүние шамшырағы Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы машақаттың
барлығына, адамзат баласының екі дүниенің бақытына қол жеткізуі
үшін шыдаған еді. Жеке басына жасалған тұрпайылыққа, дөрекелікке
сабырлық танытып, адамдардың тура жолға түсуіне аянбай тер төккен
болатын.
***
Мәдиналық Әнәс ибн Рафиғ бірнеше жас жолдасымен бірге Меккеге
келген еді. Олар Хазраж руына қарсы Құрайыш руымен келіссөз жасау
үшін келген болатын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) олардың келгенін естіген
бетте, солай қарай бет алды. Олардың қасына отырып, Меккеге келу
себептерін сұрап алды. Артынша: «Сендерге мұнан қайырлы іс жайлы
айтайын ба?» - деп сұрады.
Олар: «Иә, ол не екен?» - десті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен Аллаһтың Елшісімін. Аллаһ мені
құлдарына жіберді. Оларды Аллаһқа дағуат етемін. Тек Аллаһқа
құлшылық етулерін, Оған серік қоспаулары жайлы айтамын. Аллаһ
(сөзімді растау үшін) кітап түсірді»,-деп исламды танытты. Құран
Кәрімнен бірнеше аяттар оқыды.
Араларындағы Ияс ибн Мұғаз атты бозбала: «Достар! Уаллаһи, мына
ұсыныс, ниеттеніп келген істеріңнен артық», - деді. Бірақ жолдастары
оның сөздеріне құлақ аспады. Тіпті сөгіп тастады.
Олар Мәдинаға кері оралғанда, «Бұғас соғысы» бұрқ етті. Көп ұзамай
Ияс ибн Мұғаз көз жұмды. Өлімі жақындағанда маңында отырғандар,
оныңАллаһтызікіретуменайналысыпжатқандығынбайқады.Мұсылман
болып, өлгеніне ешкімнің күмәні қалмады. Өйткені, Ияс (р.а.) Аллаһ
Елшісін тыңдағанда исламды жан-тәнімен құлай сүйген болатын. Оны
қабыл еткен еді.
12
***
Аллаһқа дағуат етуде адамзат баласының ұлтына, түсіне, материалдық
деңгейіне, тіпті кім екендігіне мән берместен барлығына бірдей арнау
керек. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қызы Зейнепті түйеден құлатып, өліміне
себеп болған мұсылмандардың қас жауы Хаббар ибн Әсуадқа, Мекке
12. Хаким, әл-Мустадрак аләс-Сахихайн, Бейрут 1990, ІІІ, 199; Ахмед V, 427.