¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
22
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мүшріктер Әбу Талибті араға салып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
міндетінен бас тартуын талап етті. Мұны естіген Аллаһ Елшісі: «Ағатай!
Уаллаһи, мүшріктер Аллаһтың дінін жаюдан бас тартуым үшін маған
оң қолыма күнді, сол қолыма айды берсе де, мен бұл міндетімнен бас
тартпаймын. Аллаһ Тағала оны барша әлемге жаяды, осылайша менің
міндетім тәмамдалды. Яки осы жолда құрбан боламын»,-деді. Артынша
кемсеңдеп, көз жасына ерік берді
(Ибн Хишам I, 278; ибн Кәсир, әл-Бидая III, 96-
97; ибн Әсир, әл-Кәмил II, 64)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) исламды жаю және адамзат баласына ең үлкен
игілікті жасау үшін үй-үйді аралап иләһи ақиқаттарды жеткізетін.
Еріну, жалығу дегенді білмейтін. Тіпті өзіне дұшпандық жасағандарға да
бірнеше мәрте айтып шыққан еді. Бұған мысал бола алатын уақиғаны
Мұғира ибн Шұғба (р.а.) былайша жеткізеді.
«Мен және Әбу Жәһил, Мекке көшелерінің бірінде бірге келе
жатқанымызда Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) кездестік. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) Әбу Жәһилге қарап: «Уа, Әбул-Хакам! Кел, Аллаһқа және Оның
Елшісінің соңынан ер. Сен үшін дұға етейін», - деді.
Әбу Жәһил: «Уа, Мұхаммед! Сен қайтадан тәңірлерімізге тіл
тигізбексің бе? Оларға табынуымызға кедергі болмақсың ба? Ант етейін,
айтқан нәрселеріңнің ақиқат екендігін білгенімде саған ерер едім», -
деді.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) кетіп қалғаннан кейін,
Әбу Жәһил маған қарап: «Уаллаһи, мен оның айтқан нәрселерінің
ақиқат, шындық екендігін білемін», - деді.
Кейінірек Әбу Жәһил өзінің иман келтірмеуінің себебін, ру
арасындағы бақталастық пен қызғаныштан туындағанын мойындаған
еді
(Ибн Кәсир, әл-Бидая III, 113)
.
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбу Жәһилге соққан еді. Ол
жолдастарымен бірге отырған болатын. Олар: «Уа, Мұхаммед! Уаллаһи,
біз сені өтірікші деп айыптамаймыз. Сен, біздің пікірімізше шыншыл
адамсың. Біз тек сен әкелген нәрсені өтірік, жалған деп есептейміз», -
десті.
Міне осылайша, олар ар-ождандары іштей қабыл еткенімен,
нәпсілерінің айдауына көніп, ақиқатты көрмегенсіді. Соған байланысты
Хақ Тағала төмендегі мына аятты түсірді.
«
(Уа,Мұхаммед!)
Біз, олардыңайтқансөздерініңсенімұңғабатырып
жүргендігін білеміз! Негізінде олар сені жалғанға шығармайды. Бірақ
олар Аллаһтың аяттарына қарсы шығуда
(күпірлік етуде)
»
(Әнғам сүресі,