Previous Page  23 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 462 Next Page
Page Background

(

23

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

33-аят)

.

9

***

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елді Аллаһқа дағуат еткенде, бойында

болған бірнеше қасиетін көрсететін мына уақиғаға көз салайық.

Құрайыштықтар қадірлі кісісі Хұсайынға келіп: «Мына адаммен

біздің атымыздан сөйлесіп көрші. Ол тәңірлерімізге тіл тигізіп

жүр», - десті. Хұсайын келісіп, барлығы Аллаһ Елшісінің үйіне келді.

Мүшріктер есіктің аузында қалып қойып, ал Хұсайын ішке кірді. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) маңайындағыларға қарап: «Үлкен кісіге орын беріңдер»,

- деді. Хұсайынның мұсылмандықты қабыл еткен ұлы Имран бірнеше

жолдастарымен бірге сол жерде отырған болатын. Хұсайын Аллаһ

Елшісіне қарап: «Мына сен не айтып жүрсің? Тәңірлерімізді қабыл

етпейді екенсің. Онымен шектеліп қалмай оларға тіл тигізеді екенсің.

Әкең ақылды, игі кісі еді»,-деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Уа, Хұсайын! Қанша тәңірге табынасың?» -

деп сұрады.

– Жетісі жерде, біреуі көкте. Жалпы сегіз тәңірге табынамын.

– Басыңа іс туғанда қайсысына жалбарынасың?

– Көктегіге.

– Дүние-мүлкіңе жұт келгенде кімге жалбарынасың?

– Көктегіге.

– Сенің тілеулеріңді орындайтын тек бір тәңір бола тұра, неге

басқаларын оған серік етіп жүрсің? Шүкір етіп, оларды разы етемін деп

жүрсің бе? Әлде осылар менің түбіме жетеді-ау деп қорқып жүрсің бе?

– Жоқ!

Хұсайын осы күнге дейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) секілді кісімен

сөйлеспегендігін аңғарды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Уа, Хұсайын! Мұсылман болып құтыл»

, - деді.

Хұсайын: «Қауымым мен туыстарым бар еді. Оларға не айтамын?», -

деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһым! Ісімді кемелдендіру үшін сенен

жол көрсетуіңді сұраймын. Маған пайдасы тиетін білімімді көбейт!» деп

дұға ет!», - деді.

Хұсайын бұл дұғаны оқыды. Артынша мұсылмандықты қабыл етті.

9. Уақиди, Әбәбу Нузулил-Құран, Кәмал Бәсуни Зағлүл, Бейрут 1990, 219-бет; Тирмизи,

Тәпсір 6/3064.