Previous Page  26 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

26

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бағындырылғанға дейін мұсылмандарға жамандық атаулының барлығын

жасаған Икрима ибн Әбу Жәһілге, көкесі Хазірет Хамзаны шәһит

еткен Уахшиге, тіпті көкесі Хамзаның ішін жарып, бауырын жеген

Әбу Суфиянның жары Хиндке мұсылмандықты қабыл етудің жолын

жаппаған еді.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тіпті ажалы таяп, ауыр дертке шалдыққанда

Аллаһқа дағуат етуді тәрк етпеген болатын.

Ибн Масғұд (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) үйіне бардым. Ол қызуы көтеріліп,

сырқаттанып қалыпты.

Оған қарап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Қызуыңыз қатты көтеріліп

кетіпті», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, сендердің араларыңдағы екі кісінің

қиналғанындай, қиналып жатырмын», - деп жауап берді.

Мен: «Олай болса, екі кісінің сауабын алатын шығарсыз!» - дедім.

АллаһЕлшісі (с.а.у.): «Иә, солай. АллаһТағала, аяғынакіргентікеняки

қандай-да бір қиыншылық арқылы мұсылманның күнәларын кешіреді.

(Күнәлары кешірілген) мұсылманның күнәлары, ағаш жапырақтары

секілді төгіліп түседі», - деді

(Бұхари, Марда 3, 13, 16; Мүслим, Бирр 45)

.

Міне осылай! Пайғамбарымыз (с.а.у.) өлім келіп есігін қақса да,

сахабаларына пайдалы насихат, өсиет айтудан жалықпайтын. Бұл жайт,

оның үмбетіне деген үлкен махаббатын көрсетеді.

***

Аллаһтың дінін жер жиһанға жаю, адамзат баласына тәлім ету

пайғамбардың атқарған міндеті деп аталуға лайық қасиетті борыш

болып табылады. Хақ Тағаланың таңдаулы құлдары пайғамбарлар, осы

борышты атқарар тұста көптеген қиыншылықтарға тап болған. Олардың

бірі тоғыз жүз елу жыл өмір сүріп адам төзгісіз машаққаттарға душар

болған, солардың барлығына сабыр етіп адамдардыАллаһқа дағуат еткен

Нұх пайғамбар (а.с.).

Әке өз ұлына пайғамбар Нұхты (а.с.) көрсетіп: «Ұлым! Мына адамға

сенбе», - деп айтқан еді. Ұлы әкесінің қолындағы таяқты алып, пайғамбар

Нұхтың (а.с.) басынан салып кеп қалды. Басы жарылып, қанға бөккен

Нұх (а.с.): «Уа, Раббым! Игілік жасауды қаласаң мыналарды тура жолға

сал. Немесе олар жайлы үкімшығарғаныңа дейін маған сабыр етуді нәсіп

ет! Өйткені сен үкім берушілердің ең жақсысысың», - деп дұға еткен еді.

***