Previous Page  32 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

32

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сағынышты байқап, жанұяларымызды сұрастырды. Біз сұрағанын айтып

бердік. Бізге қарап:

«Үйлеріңе қайтыңдар! Жанұяларыңның жанында

болыңдар. Оларға қажетті мағлұматты үйретіңдер. Айтатын нәрсе

болса айтыңдар»

, - деді.

Ол тағы біраз нәрселерді айтқан еді. Қазір солардың бір бөлігі есімнен

шығып кетіпті. Ал бір бөлігі жадымда қалып қойыпты.

Артынша:

«Менің қалай намаз оқығанымды көрдіңдер. Дәл солай

намаз оқыңдар. Намаздың уақыты кіргенде араларыңнан бір кісі шығып,

азан айтсын. Ең жасы үлкендерің сендерге имам болсын»

, - деді

(Бұхари,

Азан 18)

.

Жоғарыда айтылған уақиғада Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға

әуелі өзі үлгі болып, діннің әмірлерін іске асыруды үйретті. Кейін

елдеріне қайта оралып, сөз және іс тұрғысынан үлгі болуларын әмір

етті. Өйткені іс-әрекет арқылы үлгі болу ең әсерлі тәблиғ әдісі болып

табылады.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намазды, алғашқы кірген уақытында оқуды

сахабаларына өсиет ететін. Намазды кешіктіруді ұнатпай, сахабаларына:

«Намаздың алғашқы уақытында Аллаһтың разылығы, ал соңғы

уақытында кешірімі бар»

, - деп ескерту жасайтын

(Тирмизи, Салат 13/172).

Үмбетіне де осыны өсиет еткен Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алдымен өз

өсиетін мүлтіксіз іске асыратын. Өйткені ол өзінің саналы ғұмырында

намазды әрдайым алғашқы уақытында оқитын. Қай жерде, қандай

жағдайда болмасын, уақыты кірген бетте намаз оқуды қатты жақсы

көретін.

16

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларымен бірге сапар шекті. Жолда тар бір

асуға тап болды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көлігінің үстінде отырған еді.

Жаңбыр тоқтамастан жауып тұрды. Жер ми батпаққа айналды (балшық

жерге түсулеріне кедергі болды). Намаздың уақыты кірген болатын.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) азаншыға азан айтуын әмір етті. Азаншы азан айтып,

қамат түсірді. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) көлігімен

сахабалардың алдына шығып, сахабаларына имам болып намаз оқытты.

Ишаратпен намаз оқыған еді. Сәжде жасағанда рукуғтан біраз төмен

иілетін

(Ахмед IV, 173-174)

.

Хазірет Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намаз оқуды соңғы

уақытына дейін екі мәрте кешіктірместен, Аллаһ оны өз құзырына алды»,

- дейді

(Тирмизи, Салат 13/174; Ахмет VI, 92)

.

16. Бұхари, Салат 48.