¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
30
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
- деп сұрайды. Ол: «Иә, мен сендерге жақсылықты әмір етіп, өзім оны
жасамайтынмын. Сендерді жамандықтан тыйып, өзім жасайтынмын»,
- деп жауап береді»
(Бұхари, Бәдул-Халқ 10)
.
Өзгелерге жақсылық жасауды әмір етіп, өзінің халінен ғапыл болған
жандардың соңының қайғылы болатындығы баршамызға ғибрат болуы
тиіс. Өзіміз үйренген әрі басқаларға өсиет етіп жүрген жақсылықтарды,
игіліктерді алдымен өз өмірімізде қолдануымыз керек. Ал өзінің
саналы ғұмырында игіліктерді іске асыра білген жандардың жүзі,
назар салып қарағанға Аллаһты есіне түсіретін садық (шыншыл) және
әулие құлдардың бірі болады. Сахабалар Пайғамбарымыздан (с.а.у.):
«Аллаһтың әулие құлдары кім?» - деп сұраған еді. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«(Аллаһтың әулие құлдары) жүздеріне қарағанда, Аллаһты еске
түсіретін жандар»
, - деп жауап берген болатын
(Хайсәми, Х, 78; ибн Мәжә,
Зуһд 4)
. Осы хадистің түсініктемесі, дәлелі ретінде басымыздан өткен бір
уақиғаны айтып берейін. «Марқұм Хазірет Сами мырза, онымен бірге
келе жатқан марқұм әкем Мұса мырза және мен Бурсадан Стамбулға
қайтып келе жатыр едік. Ялавода көлік таситын кемеге міну үшін
көлігімізбен кезекке тұрып жатқан едік. Келіп жатқан көліктерді, бір-
біріне киліктірмей, реттеп тұрған қызметшінің көзі (назары) көліктің
артқы орындығында отырған Сами мырзамен әкем Мұса мырзаға түсті.
Күніне жүздеген адамның жүзін көріп жүрген қызметші, аң-таң болып
тұрып қалды. Кейін көлікке жақындады. Көліктің терезесінен үңіліп
қарады. Терең тыныс алып күрсініп: «Ой, Алла-ай! Нендей қызық дүние
десеңші! Кейбіреудің жүзі періштедей. Ал кейбіреуінің жүзі «нәмрұд»
тәрізді», - деді.
Ұзын сөздің қысқасы өзі, сөзі, хәлі, іс-әрекеті арқылы жақсы үлгі
бола білу, Исламды жаю қызметінде қолданылатын ең ықпалды, әсерлі
тіл. Бұл тіл, хикмет пен ғибратқа толы әлемнің сөзсіз, дыбыссыз, бірақ
шешен әрі сөзге жүйрік тілі секілді. Сонымен қатар бұл тіл, ақиқатты
аңсаған әрбір түйсік иесінің түсінетін хал тілі. Бұл тілді түсінбейтін
халық жоқ. Бұл тілмен сөйлегенде, кез келген жанның жан-сарайынан
орын тебуге болады. Хал тілінің сүрінуі немесе қателігі болмайды. Өте
қарапайым, мағыналы, түсінікті тіл.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жарық дүниеге келгеннен бері, айрықша,
ерекше өмір сүрген. Исламды тәблиғ ету міндеті жүктелместен алдын,
көркем ахлағы және пәк өмірімен өзгелерге үлгі болды.
Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) пайғамбарлық парызы берілгенде,
жауапкершіліктің үлкендігінен қорқып, тынышы кеткен сәтте қадірлі
анамыз Хадиша (р.а.) былай деп жұбатқан еді.