(
35
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Дүние-мүліктеріңді ақылсыздарға бермеңдер!»
(Ниса сүресі, 5-аят)
-
дейді, осындай тыйымға назар аудармастан ақылсыз ұрпағыма дүние-
мүлік жинайын ба?».
18
***
Омар ибн Абдулазиз халифа болған күнінен бастап балаларына деген
мәмілесі де қатты өзегерді. Халифа болып сайланған күні биғат етуге
(қол беруге) келген халық ағылды. Сол аласапыранда жүгіріп жүрген
ұлы Абдулмәліктің киімі жыртылып қалды. Мұны көрген халифа
Абдулазиз ұлына қарап: «Ұлым, барып киіміңді тіктіртіп ал. Өйткені бүл
күннен бастап бұдан басқа киім таппай осыған мұқтаж болуың әбден
мүмкін», - деді.
Омар ибн Абдулазиз күніге кешке қыздарына келіп, жағдайларын
сұрайтын. Кейін ұйықтауға бет алатын. Әдеттегідей бір күні кешке
оларға келген еді. Әкелерінің келгенін естіген қыздар, ауыздарын
жапқан күйде есікті ашты. Омар ибн Абдулазиз қыздардың неге бұлай
істеп жүргендерінің мәнісін тәрбиешілерінен сұрады. Тәрбиешілер:
«Олардың тек жасымық пен пияздары ғана бар еді. Пияздың иісі сіздің
мазаңызды қашырмасын деген ниетпен ауыздарын жауып алды», - деді.
Олардың бұл зүһд, әдеп және сыпайылығына халифа қатты толқып,
көздері жасқа толды. Қыздарына: «Қыздарым! Сендердің алуан түрлі
әрі жақсы тағамдарды, дүние нығметтерін талап етулерің, әкелерің үшін
ақыретте күнә болар еді», - деді.
***
Кез келген нәрседе үлгі боларлық кісілікті көрсетудің керек екендігін
паш ететін төмендегі мына мысал ғибратқа толы.
Әмәуи әулетінің халифаларының бірі Уәлид ибн Абдулмалик ғажап
ғимараттарға әуестұғын. Оның дәуіріндегі адамдар оған еліктеп биік,
әсем ғимараттарға құмар бола бастады. Мәжілістерде, мейрамдарда
әңгіме әрдайым тек құрылыс жайында болатын.
Халифа Сүлеймен ибн Абдулмалик, ішіп-жеуге құмар кісітұғын.
Оның заманында өмір сүрген адамдардың әңгімесі тек ішіп-жеу жайлы
болатын. Күллі уақыттарын соған сарп ететін.
Омар ибнАбдулазиз болса, көп құлшылықжасайтын, тақуа, заһид кісі
еді. Оның дәуіріндегі халық құлшылықта, инфақта (қайыр жұмсауда)
бір-бірімен жарысатын еді. Мәжілістерде: «Түнгі зікірің қандай еді,
Құран Кәрімнен қанша аят жаттадың, осы айда қанша күн ораза ұстадың,
қанша инфақ жасадың?» тәрізді сөздер қозғалатын. Осылайша адамдар
18. Әбул-Ула Мардин, Хузур Дерслери, Станбул 1966, ІІ-ІІІ, 769-770.