Previous Page  41 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 462 Next Page
Page Background

(

41

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көтерер кісілерінің бірі Сағд ибнМуғаз мұныестіп, Усайд ибнХұдайырға:

«Сен өз ісін жақсы білетін. Ешкімнің жәрдеміне мұқтаж болатын жан

емессің. Арамыздағы нашарлардың сенімін бұзу үшін ауданымызға

келген мына адамдарға барып, ескерту жаса! Қайтіп ауданымызға аяқ

баспайтын болсын. Әсад туысым болмағанда бұл істі өзім істер едім»,

- деді.

Усайд дереу қолына найзасын алып, оларға жетіп барды. Ашуға

мініп: «Сендер бұл жерге неге келдіңдер? Мына жаныңдағыны жат

біреуді нашарларымыздың сенімін бұзу үшін ертіп әкелдің бе? Екінші

мәрте бұлай етпе. Егер жандарың өздеріңе керек болса, мына жерден

кетіңдер»,-деді.

Парасатты сахаба Мусғаб (р.а.) тынышы кетпей, жылы сөзбен: «Біраз

уақыт отырып айтқандарыма құлақ салсаң қайтеді? Сен ақылды кісісің.

Айтқандырым саған ұнап жатса қабыл етерсің. Ұнамаса қабыл етпессің»,

- деді.

Усайд: «Дұрыс айттың», - деп найзасын жерге қадап, жанына келіп

отырды. Хазірет Мусғаб оған исламды жылы сөзбен жеткізіп, Құран

Кәрімнен аяттар оқыды.

Усайд, Құран Кәрімді тыңдаған сәттен, бір ауыз ләм-мим деместен

оның жүзінде ислам нұры жарқырап, жүрегі исламға еріп қоя берді.

Құран Кәрім жайлы: «Бұл нендей керемет кәлам! Сендер бұл дінге

кіргенде не істейсіңдер?» - деп сұрады.

Усайд (р.а.) орнынан тұрып, Хазірет Мусғаб пен Әсадтің (р.а.)

нұсқауыменалдыменғұсылалды.Киімінтазалап, тілінкәлимағакелтірді.

Кейін екі рәкағат намаз оқыды. Намазды оқып бітіргеннен кейін: «Мен

сендерге келместен алдын артымда бір кісі қалған еді. Ол сендерге ерсе,

қауымы оған қарсы келе алмайды. Ол Сағд ибн Муғаз. Мен қазір оны

сендерге жіберейін», - деп кетіп қалды.

Біраз уақыт өткеннен кейін қаһарына мініп, қастарына Сағд келді.

Алайда ол да Мусғабтың жылы әрі тәтті сөзіне елігіп, иләһи ақиқаттарға

мойынсұнып мұсылмандықты қабыл етті. Кейін руына қайта оралып:

«Уа, Абдулешхел руы! Мені кім деп ойласыңдар?» - деп сұрады.

Олар: «Сен біздің мырзамыз әрі ойшылымыз, әрі көсемімізсің», -

десті.

Сағд: «Сендер Аллаһқа және оның елшісіне иман келтіргенге дейін,

еркек яки әйел жандарыңмен сөйлесу маған харам болсын», - деді.

Ол күні кешке дейін сол рудан иман келтірмеген жан қалмады.

22

22. Ибн Хишам ІІ, 43-46; ибн Сағд ІІІ, 604-605; ибн Әсир, Усдул-Ғаба, Кайр 1970, І, 112-113.