¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
42
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мінекей жылы сөз, нәзік әдіс қолдану арқылы исламға шақыруды
берекеті осындай болмақ. Жүздеген садақа жария. Өйткені, игілігі мен
жақсылығы мол Раббымыз мұсылмандықты қабыл еткен кісілердің қол
еткізер сауабының мөлшеріндей сауапты, олардың һидаятқа келуіне
себеп болған кісілерге беретіндігін уәде еткен.
***
Адамзат тарихында есімі мәңгі қалатын әйгілі залым Хажжаж
жаратылысы жағынан пәлсәпашыларға қатты ұқсайтын. Бір күні жұма
намазында оны байқап қалған құтпашы: «Жиһадтың ең ұлығы, залым
сұлтанның алдында тұрып ақиқатты және әділетті айту»,
23
- деген
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріпін еске түсіріп, хұтпада Хажжаж
жайында ауыр сөздер айтты. Залым Хажжаж дыбысын шығармай,
құтпанытолықтайтыңдапшықты.Намазданкейінқұтпашынықұзырына
шақырып: «Сен бағана хұтпада не деп кеттің?» - деп сұрады.
Құтпашы неде болса басым кетеді ғой деп, кері қадам жасамай
Хажжажға құтпада айтқан сөздерін одан бетер өсіріп айтып шықты.
Хажжаж: «Өте оғаш қылық», - деді. Сен білімі мол адамға ұқсайсың.
Бірақ исламға шақыру әдістерінің ешбірінен хабарың жоқ. Яки сен еш
Құран Кәрім оқымайсың ба? Сенен артық екендігінде ешбір күмән жоқ
Мұсаны (а.с.), менен кемшлігі көп, әрі күпірлікке түскендігінде шүбә
жоқ перғауынға Хақ Тағала жібергенде, оған «ләйин» яғни жылы сөз,
судың ағысы тәрізді сылдырлаған нәзік тілді қолдан деп әмір етпеп пе
еді?» - деді.
Құтпашының аузына құм құйылды. Аллаһқа шақырудағы әдісінің
терістігін аңғарып, Хажжаждан кешірім сұрады.
***
Тоқсан сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, жұмсақтық қасиеті
мүминнің бойынан табылуы керек. Ол халықты Хақ Тағаланың жолына
дағуат еткенде, оларға қызмет еткенде қолданатын ең үлкен құралы
болып табылады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Аллаһ – рафиқ (жұмсақтық иесі). Әрі
рифқпен (жұмсақтықпен) мәміле жасауды сүйеді. Дөрекілік және өзге
(жағымсыз) қасиеттерге бермеген сауабын, рифқпен ( жұмсақтықпен)
мәміле жасауға береді»
- дейді
(Мүслим, Бирр 77)
.
Бұл жайлы Хазірет Мәулана: «Аллаһтың: «Ей, Мұса! Перғауынға
жылы сөз сөйле. Оған жұмсақтық таныт», - деген сөзін жақсылап ұғын.
Өйткені қайнап жатқан майға суық су төксең, пешті де, қазанды да
құртасың», - дейді.
23. Әбу Дәуіт, Мәлахим 17/4344.