¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
44
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мен: «Дұрыс айттыңыз. Әке-шешем жолыңызға құрбан болсын
Аллаһтың Елшісі. Сіз менімен ортақ іс жүргіздіңіз. Әрі нендей ғажап
серіктес едіңіз. Қарсы болмайтынсыз әрі тартыспайтын едіңіз», - дедім
(Әбу Дәуіт, Әдеп 17/4836; ибн Мәжә, Тижарат 63)
.
Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Пайғамбарымыз (с.а.у.) ислам діні
келместен бұрын бойынан табылған нәзіктік, биязылық, сыпайылық,
жарқын жүзі, сенімділігі көптеген адамдардың мұсылмандықты қабыл
етуін біршама жеңілдеткен еді.
***
Зәйд ибн Харисаның (р.а.) сегіз жасқа толған шағы болатын. Қайын
руының барымташылары шабуыл жасап, Зәйдті тұтқындап, өздерімен
бірге алып кетті. Олар Зәйдті құл ретінде сату үшін Ұқаз жәрмеңкесіне
әкелді. Хаким ибн Хизам оны нағашы әкпесі Хазірет Хадиша үшін төрт
жүз дирхамға сатып алды. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.)
Зәйдті көрген бетте: «Мына құл менің меншігімде болғанда, міндетті
түрде азат етер едім», - деді.
Хазірет Хадиша шын пейілімен: «Олай болса, оны саған бердім», -
деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны дереу азат етті
(Ибн Хишам I, 266; ибн Сағд
III, 40)
.
Зәйдтің әкесі ұлының жоғалып кеткендігіне қатты мұңайып,
оны іздестіру шараларын бастаған еді. Ұлының Меккеде екендігін
қажылардан естіп, дереу бауырымен бірге жолға шықты. Меккеге келіп
Пайғамбарымызды (с.а.у.) тауып алды. Олар оған Зәйд үшін төленетін
құнды өтеуге дайын екендіктерін білдіріп, құнын асқақтатпауын өтінді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан: «Бұдан басқа жолмен мәселені шеше
алмаймыз ба?» - деді.
Олар: «Қандай жол?» - деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Оны шақырып алайық. Таңдауын өзі
жасасын. Егер сендерді таңдаса, құн төлеудің қажеті жоқ. Егер мені
таңдаса, уаллаһи менімен қалғысы келген жанды ешкімге бермеймін»,
- деді.
Зәйдтің әкесі мен көкесі: «Сен бізге әділеттілік таныттың. Бізге үлкен
игілік, жақсылық жасадың», - деп ризашылықтарын білдірді.
Зәйд келіп: «Уаллаһи, уа, Мұхаммед әл-Әмин! Мен сізден басқа
ешкімді таңдамаймын. Сіз менің әке-шешем секілдісіз. Мен тек сіздің
қасыңызда қаламын», - деді.
Әкесі мен көкесінің мұңды сөздеріне: «Мен бұл кісінің бойынан