Previous Page  45 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 462 Next Page
Page Background

(

45

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көптеген нәрселер көрдім. Оны ешкімге айырбастай алмаймын. Одан

ешқашан айрылмаймын», - деп жауап қайырды.

Он сегіз мың ғаламның ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдтің

ағынан жарылып айтқан сөздерінен қатты әсерленді. Оны қолынан

ұстап Қағбаға ертіп апарып:

«Уа, жарандар! Куә болыңдар. Зәйд менің

ұлым. Мен оның мирасқорымын. Ол менің мұрагерім»

, - деп оны бала етіп

асырап алды.

24

Зәйдтің әкесі мен көкесі мұны көріп, көңілдері жай тауып еліне

қайтты

(Ибн Хишам I, 267; ибн Сағд III, 42)

.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) адамдарға жасаған мәмілесінің кереметтігі,

ғажаптығы сондай ешкім оның қасынан кетуді қаламайтын. Оның

рақымдылық пен мейірімділік дариясы болған нәзік жаратылысына,

әрдайым раушан гүлзары тәрізді жүзіне, ұзын сөздің қысқасы барша жан

көркем ахлағына тәнті болатын.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хунайында қолға түскен олжаны біраз уақыт

күттіріп, кейінірек таратып берген еді. Соншалықты кешіктірудің сыры

Жиранаға келіп жеткенде оныншы күні білінді. Жеңіліске ұшыраған

Хауазин руының бір топ кісісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп, мұсылман

болғандықтарын айтты. Соны себеп қылып, тұтқындарыныңжәне дүние-

мүліктерінің кері қайтарылуын талап етті. Сол сәтте Сағд руының бір

кісісі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мына көлеңкенің астында

тұрғандар сенің сүт нағашы ағаларың, нағашы әкпелерің, саған сүт беріп

баққан әйелдер. Егер біз Шам немесе Ирак патшасын емізіп, қазіргі

халімізге тап болып олардан кешірім және игілік жасауын сұрансақ

қолдан келгенін аянып қалмас еді. Ал сен расында сүт беріліп, бағып-

қағылғандардың ең қайырлысысың», - деді.

Хазірет Пайғамбар (с.а.у.):

«Мен олжаның бөлініп берілуін бүгінкі

күнге дейін кешіктірдім. Бірақ сендер көп кешіктіңдер. Ал қазір

тұтқындарыңды яки дүние-мүліктеріңді таңдаңдар»

, - деді. Мұны

естіген олар тұтқындарын таңдап алды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

«Мен, маған

және Абдумұтталиб ұлдарының пайына түскен тұтқындарды сендерге

сыйға тартамын. Өзгелері үшін ертең бесін намазынан кейін маған келіп

жолығыңдар»

, - деді.

Ертеңіне Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларын жинап алып, мәселені

түсіндірді. Өзінің пайына түскен тұтқындарды азат еткендігін айтып:

«Араларыңда кімде-кім қолындағы тұтқындарды құнын алмай, көңіл

24. Сол күннен бастап Зәйд, Зәйд бин Мұхаммед деп атала бастады. Бұл жағдай Ахзаб

сүресінің 5 және 40 аяттарымен бала асырап алудың күші жойылуына дейін жалғасын

тапты.