¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
46
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ризашылығымен босатып, бауырларын разы етуді жаны қаласа, солай
жасасын. Ал кімде-кім өз пайына түскен тұтқындарды құнын алмастан
босатуға разы болмаса, оны Аллаһтың нәсіп ететін алғашқы олжасынан
өтейміз. Қалаған кісі осылай істесін»
, - деді.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабаларына
бұлай деп өтініш білдіруінің себебі тұтқындардың сахабалардың пайына
түскендігінде жатыр.
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) өзінің пайына түскен тұтқындарды азат
еткендігін, әрі мұның өздерінен талап етілгенін естіген ардақтысахабалар
сол игілікке өз үлестерін қосқысы келіп, шын пейілдерімен: «Біз де
тұтқындарымызды Аллаһ Елшісіне сыйға тарттық», - десті
(Бұхари, Мәғази
54; ибн Хишам IV, 134-135)
.
Осылайша сол күні Хауазин руының алты мың тұтқыны ешбір құн
алынбастан азат етілді. Тарих, мұндай уақиғаға ешқашан куә болмаған
еді. Бірақ сол күні тарих бұл ғажайып оқиғаға куәгер болды. Аллаһ
Елшісінің (с.а.у.) үмбетіне тәлім еткен ислам ахлағы және ізгіліктердің
саясында көзді ашып-жұмғанша алты мың тұтқын дүниелік ешбір құн
алынбастан азат етілді.
Мұндай теңдессіз игілікті көрген Хауазин руы толығымен
мұсылмандықты қабыл етті. Тіпті сол шақта Тайыфта жүрген ру көсемі
МәлікибнАуфболғануақиғаныңмән-жайынақаныққандақайранқалып,
Аллаһ Елшісінің алғашқы ұсынысынан-ақ мұсылман болды. Сөйтіп
мұсылмандықты қабыл етіп, ықыласқа бөленіп, ілтипатқа іліккендердің
қатарына енді. Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) оған жүз түйе сыйға тартып,
оны қайтадан ру көсемі етіп тағайындады
(Ибн Хишам, IV, 137-138)
.
***
Жомарттығы ел аузына іліккен Хатим Тайдың ұлы Ади сөзге шешен,
абыройлы, игі, жомарт кісі болатын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) һижреттің
тоғызыншы жылында Хазірет Әлиді (р.а.) Тай руының пұты «фулсты»
жығу үшін жіберген еді. Мұны естіген Ади Шамға қашты. Қарындасы
Саффана қолға түскен тұтқындармен бірге Мәдинаға әкелінді.
Ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз (с.а.у.) Саффананы азат
етті. Киім, көлік және жол азығы беріп, руының бірнеше сенімді кісісін
жанына қосып Шамға жіберді.
Ади ибн Хатим одан кейін болған уақиғаны былай деп тарқатады.
«Саффана ақылды әйел болатын. ОданАллаһ Елшісін меңзеп: «Мына
кісі жайында қандай пікірің бар?» - деп сұрадым.
Маған: «Уаллаһи, сенің оған барып, қосылуыңды қалаймын. Егер
шынымен Пайғамбар болса, оған ергендердің басы болуың сен үшін бір