¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
52
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақсылыққа бағыт алу үшін рухани көмекке зәру екендігін жадымыздан
шығармағанымыз жөн.
Язид ибн Асам былай деп әңгімелейді.
Шамда туып өскен күшті, қуатты әрі абыройлы кісі бар болатын.
Анда-санда Хазірет Омарға (р.а.) келіп тұратын. Біраз уақыт өтіп, әлгі
кісі Омардың (р.а.) көзіне түспеді. Жанында жүретін кісілерден: «Әлгі
пәленше не істеп жүр? Көрінбей кетті ғой», - деп сұрады.
Олар: «Уа, мүминдердің әміршісі! Ол арақ ішіп кетті», - деп жауап
берді.
Хазірет Омар (р.а.) хатшысын шақырып алып: «Жаз! Омар ибн
Хаттабтан пәленшеге! Сәлем саған! Өзінен өзге тәңір болмаған, күнәні
кешіретін, тәубені қабыл ететін, азабы қатты әрі игілігі мол Аллаһты
мадақтаймын. Одан өзге тәңір жоқ, әрі тек оған қайтамыз», - деді.
Омар (р.а.) хатты жазып бітіргеннен кейін, жолдастарына бұрылып
қарап: «Оның Аллаһқа бет бұруы үшін, тәубесінің қабыл болуы үшін
бауырларыңа дұға етіңдер», - деді.
Ол кісінің қолына Хазірет Омардың жазған хаты тиіп: «Аллаһ күнәні
кешеді, тәубені қабыл етеді әрі азабы қатты»,
29
- деген сөйлемді бірнеше
мәрте оқыды. «Аллаһ мені һәм азабымен қорқытыпты һәм күнәларымды
кешіретіндігін уәде етіпті», - деп көз жасына ерік берді. Кейін барша
күнәсына тәубе етті.
Хазірет Омар (р.а.) ол кісінің тәубе еткендігінен хабардар болып:
«Бір бауырларыңыз тура жолдан шығып, күнәға белшесінен батып
жүргендігін көрсеңіздер оны тура жолға қайта салуға, Аллаһтың
кешірімшілдігіне деген сенімін арттыруға күш салыңдар. Тәубе етуін
нәсіп етсін деп Аллаһқа жалбарыныңдар. Оған қарғыс дұғасын айтып,
шайтанға жәрдемші болмаңдар», - деді.
30
***
Исламның жарқын жүзін көрсететін мына уақиғаныХазіретМәулана
былай деп хикая етеді.
Хазірет Баязит Бистамидің заманында отқа табынушы бір адам өмір
сүрген еді. Бір күні оған иман келтірген бір кісі келіп: «Мұсылман болып
амандыққа қол жеткізсең, абырой мен ұлылыққа кенелсең нең кетеді?» -
деді. Отқа табынушы былай деп жауап берді.
«Әй, менің амандыққа қол жеткізуімді мұрат еткен кісі! Аузымда
қаншалықты ұрылған мөр болсада, яғни иманымды ашықтан-ашық
29. Бұл сөйлем «Мүмин» сүресінің 3-аятынан алынған.
30. Ибн Кәсир, Тәфсирул Құранил Азим, Бейрут 1988, IV, 76.