Previous Page  55 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 462 Next Page
Page Background

(

55

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бұған себепкер болған Ибраһим ибн Адһамға түсінде: «Сен біз үшін

оның аузын жудың. Біз де сен үшін оның жүрегін жудық», - деген аян

берілді.

***

Әйгілі әулие Хазірет Мағруф Кәрхи, бағзы жас жігіттердің теріс

жолдажүргенбіреулерді қолдау үшінжорыққа аттаныпжатқандықтарын

көріп: «Аллаһым! Оларды өзің сақта», - деп дұға етті. Мұны байқап

қалған кейбір жандар Мағруф Кәрхи тәрізді ұлықтың залымға қолдау

көрсету үшін аттанып жатқан жігіттерге былай деп дұға етуіне қайран

қалды. Олар одан: «Сен қазір мына жандарға оң дұға еттің бе?» - деп

сұрады.

Ұлық әулие: «Мен Аллаһтан оларды қорғап сақтауын өтіндім. Егер

Хақ Тағала оларды сақтамаса, барғылары келген жерге жете алмайды»,

- деп жауап берді.

Мағруф Кәрхи Дижла өзенінің жағасымен жүріп келе жатқан еді. Бір

топжігіт өзенжағасында шарап ішіп, көңілдерін көтеріпжатқан болатын.

Олар Хазірет Мағруфты байқап қалып, істеп жатқан күнәмізді көріп

мына кісі бізге теріс бата береді, қарғыс дұғасын оқиды деп мазалары

қашты. Араларындағы етқызулау біреуі шыдай алмай: «Уа, шейх! Нені

күтіп тұрсың! Қане қазір бізді Дижланың асау толқындарына батып

өлсін деген қарғыс дұғаңды бастасаңшы»,- деп келеке етті.

Хазірет Мағруфтың жүзінен ешбір ашудың белгісі көрінбей,

мейірімділік танытты. Қолдарын аспанға көтеріп: «Аллаһым! Мына

жігіттерге дүниеде саулық бергенің секілді, ақыретте де саулық

бергейсің», - деп дұға етті.

Мұндай дұғаны күтпеген жігіттер: «Уа, шейх! Сен не деп кеттің?

Айтқан сөздеріңнің мағынасын түсінбедік», - десті.

Ерекше ықыласы мен тақуалығы үшін бір ауыз сөзінің ішіне көптеген

мағынаны сыйғызған, Хақ Тағаланың шарапаты тиген Мағруф Кәрхи:

«Ұлдарым! Хақ Тағала сендерге ақыретте саулық беруді мұрат етсе, тәубе

етулеріңді нәсіп етеді», - деді.

Жігіттер күтпеген жерден мынадай рақымдылыққа тап болғандықтан

аңтарылып қалды. Әуелі ұзақ ойланып, өз-өздерін есепке тарта бастады.

Соңында ішкі жан дүниелерінде үлкен өкініш туды. Дереу туралықты

түйсініп, өкініш жастарына ерік беріп, шараптарын төкті. Шатырларын

жықты. Тәубе етті. Сөйтіп екі дүниенің бақытына қол жеткізбек болып

қайта жанданды.

***