Previous Page  60 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

60

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

физикалық тұрғыдан анархия пайда болар еді. Барша физикалық

уақиғалардың ішінде мыңдаған рухани сыр бар. Бұл сырлар тек

пайғамбарлар мен әулиелерге ғана аян.

Құран Кәрім бұрын өмір сүрген елдердің жойылып кетулерінің

себептеріне тоқталып, келешек нәсілді олардың кебін кимеуге

шақырады. Бұл себептердің бастыларына көз салайық. Олар: Аллаһтың

нығметтерін бағаламау, шүкір етудің орнына молшылықтың буына

мастанып менменсіну, зұлымдық пен хақсыздықтың шырқау шегіне

жету, ахлақсыздық пен әдепсіздікті ізгіліктен артық көру, тура жолға

шақыруды тоқтату, уағыз-насихатқа құлақ аспау іспетті күнәлар болып

табылады. Күнәлар кешірілмесе, пейішке кіруге кедергі болады. Адамзат

баласын құрдымға сүйреген бұл күнәларды тоқтату тек парасатты,

айтқан сөзін іс-әрекетімен өрнектей алған мүминдердің қолынан келеді.

Мүминдер іске асыруға талпынып жүрген тәблиғ және иршад, төмендегі

мына аяттың нұсқауының саясында ғана жемісін береді.

«Сендер, адамзат баласын жақсылық

(жасауға)

шақырып,

жамандықтан тыятын, сонымен қатар Аллаһқа иман келтірген ең

қайырлы үмбет ретінде

(жарық көрдіңдер)

»

(Әли Имран сүресі, 110-аят)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Сендерге (ХақТағаладан) көмек келіп, олжаға

қарық боласыңдар. Әрі көптеген мемлекеттерді бағындырасыңдар.

Араларыңнан кімде-кім сол шаққа жетсе, Аллаһтан қорқып, (елді)

жақсылық жасауға шақырып, жамандықтан тыйсын»

, - дейді

(Тирмизи,

Фитан 70/2257)

.

Мүминдер әрдайым жақсылыққа кілт, жамандыққа құлып болулары

қажет. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жақсылыққа кілт, жамандыққа

құлып болғандарды:

«Нендей бақыттыжандар»

, - деп сүйіншілеген

(Ибн

Мәжә, Муқаддима 19)

.

Мүминдер сауатсыздық, пайдакүнемдік, осалдық тәрізді алуан түрлі

себептер арқылы исламның әмірлерін іске асыруды тоқтатып, діни

жауапкершілігін ұмытқан шақта қоғамдағы тепе-теңдік бұзылады. Тепе-

теңдік бұзылғанда рухани тұрғыдан азғындау бас көтеріп, тек мұны

бастаған жандарға ғана емес, өзге ізгі кісілерге де залалын тигізеді.

Яғни, жеке кісіден туындаған болмашы кемшілік, қателік уақыт өте

келе жалпыланып жақсы-жаман деп айырмастан барша кісіні қамтиды.

Ал мұның нәтижесі адамдардың бірте-бірте азғындап, құруына апарып

соғады. Бұл ақиқат жайлы Хақ Тағала Құран Кәрімде былай дейді.

«Араларыңдағы тек зұлымдық жасағандармен ғана шектелмейтін

бүліктен сақтаныңдар! Біліп қойыңдар! Аллаһтың жазасы қатты»

(Әнфал сүресі, 25-аят)

.

Кейбір күнәлардың зардаптары жалпыға ортақ келеді. Ол күнәдан