(
61
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
туатын бүлік, анархия, қайғы-қасірет тек мұны істеген жанмен яки
залыммен шектелмейді. Залымдармен бірге ол күнәға қатысы бар
күллі жан, тіпті ешқандай қатысы жоқ кіршіксіз жандар да зардабын
шегеді. Күнәһарлардың жанында, күнәсіз болып көрінген жандар да бұл
қасіреттің дәмін татады.
Міне сондықтан кез келген мұсылман баласы өзіне жүктелген
міндет пен жауапкершілікті мүлтіксіз орындауы қажет-ақ. Ешқашан
өлім мен Хақ Тағаланың құзырында есепке тартылатындығын жадынан
шығармауы тиіс.
Қазіргі таңда өкінішке орай нәпсісінің айдауына көніп, алуан
түрлі желеу, тәуил (жорамал) тауып Аллаһтың әмірлерін толықтай
орындамайтындар көптеп кездеседі. Маңайындағы жандардың
деңгейінің төмендігін пайдаланып, Аллаһ әмірлерінің кейбірін
орындағанға даңдайсып, оларданөзінартықпындеген ғапылдыққа түседі.
Хақ Тағаланың харам еткендігіне қарамастан бағзы нәрселерді қазіргі
шақтың қажеттілігі деп іске асырады. Өзін-өзі «Барша жан істеп жатыр
ғой. Мен де істеуге мәжбүрмін» деп алдайды. Ал ақиқатына жүгінсек бұл
мәселелерде үкім айтуға ешкімнің құқығыжоқ. Тіпті деңгейі де жетпейді.
Өйткені діннің үкімдерін қойған тек Құдай Тағала. Діннің қағидаларын
өзі қойғандықтан есебін де сұрайтын Өзі.
Кез-келгенжанәуелі исламныңәмірлерінөзініңөмірінде іске асырып,
момындық кемелдігінің негізін салуы қажет. Содан кейін ғана исламның
тұлғасын өзінің ортасына көрсетіп, тәблиғ пен иршадты (жол көрсетуді)
бастауы ләзім. Балаларын тәрбиелеуге көңіл бөліп, діни тәрбиені
міндетті түрде беруі тиіс. Жақынынан алысына қарай, жақсылық
жасауға шақырып, жамандық атаулыдан тыюлуға үндеуі керек. Өйткені
бұл істің жауапкершілігі өте ауыр. Міне осы қызметте босаңдық таныту,
жалығу жалпыға бірдей иләһи азаптың келуіне септігін тигізеді. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) яһудилердің бұзылуының алғашқы сатысын былай деп
баян етеді.
«Яһудилердің арасында зұлымдық арта түскен шақта, біреу өзгенің
күнә іспен айналысып жатқандығын көрген сәтте, әуелі оған бұл істен
бас тартуын айтатын еді. Бірақ ертеңіне әлгі адамды қайтадан сол
күнәні істеп жатқандығын көргенде, онымен жүріп-тұру үшін (пайдасы
тиіп қалар деген ниетпен) күнәдан тыймайтын, ескерту жасамайтын»
(Тирмизи, Тәпсір 5/6; ибн Мәжә, Фитан 20; Әбу Дәуіт, Малахим 17/4336)
.
Басқа хадис-шәріпте Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді.
«АллаһТағалабірқауымғаазапжібергенде, олазаптысолжердегілердің
барлығы тартады. Кейін әрбірі амалдарына қарай қайта тіріледі»
(Бұхари, Фитан 19; Мүслим, Жәннат 84)
.