(
59
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ал Сағди Ширази: «Қанша оқысаң да, біліміңе жарасар пішінде
әрекет етпесең надан болып қалып қоясың», - дейді.
Кез келген мүмин әрбір іс-әрекетін алуан түрлі жүрек дертінен
арындырып, ықылас пен ихсан мәртебесіне жеткізген сәтте исламның
жарқын жүзін лайықты кейіпте көрсете бастайды.
Хақ Тағала мұндай керемет халге ие болуымызды, шынайы қызмет
етуді баршамызға нәсіп етсін!
Әумин!..
в) Аллаһқа дағуат етуді тоқтатудың мұңды нәти-
жесі: Тәрбиесіздіктің жайылуы және қоғамның
құрдымға ұшырауы
Емтихан мекені ретінде жаратылған бұл дүниеде Аллаһ Тағаланың
есепсіз нығметіне бөлене тұра, Оның әмірлеріне қарсы шығу игілікті,
жақсылықты бағаламау болып табылады. Қарабайыр қараңғылықтың,
надандықтың тап өзі. Қараңғы надандықтың жетегінде кеткен жанның
соңы үлкен ақымақтықпен тәмамдалады. Иманның ақиқаттары мен
иләһи ахлақ жүйесіне қарсы шығып, сырт айналғандар, міне осы
ақымақтыққа бой алдырғандар. Олар түптеп келгенде ертелі-кеш Хақ
Тағаланың қаһарына ұшырайды.
Адамзат тарихының өнегеге толы парақтарына көз жүгіртер болсақ,
тек бірнеше жан емес тұтас мемлекет тұрғындарының қабірлерін
көреміз. Жойылып, құрып-кетулерінің басты себептері имансыздық,
ахлақсыздық және зұлымдықтың кесірі. Осы имандылықтан жұрдай,
залым қауымдардың
өлім жанталасы
Хақ Тағаланың бұл дүниеде
тартқызған азабы екендігі сөзсіз.
Адамзат баласына қорқынышты болып көрінетін топан су, боран,
жер сілкіністері, құрғақшылық, жарқылдаған найзағайға толы азап
бұлттары, дұшпан қоршауы, жұқпалы ауру түрлері т.б. тәрізді Хақ
Тағаланың азаптары иләһи ескерту, қорқыту болып табылады.
«Табиғат құбылыстары»
ретінде қабыл етілетін осы тәрізді уақиғалар
кездейсоқтықтан тумайды. Олардың бірнеше себептері және хикметтері
бар. Сырт көзбен қараған кісіге физикалық бағзы себептерден туындаған
қайғылы уақиғалар, көкірек көзі ояу кісінің назарымен көз жүгіртілгенде
олардың, яғни уақиғалардың адамдардың азғындауы мен күнәларының
жемісі яки адамзат баласына иләһи ескерту екендігі байқалады.
Ағаштан түсетін бір жапырақтың өзі, Хақ Тағаланың рұқсаты және
тағдырымен түсетіндігі ҚұранКәрімде айтылған.
32
Олай болмаса ғаламда
32. Әнғам сүресі, 59-аят.