Previous Page  65 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 462 Next Page
Page Background

(

65

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қайым болғанда Аллаһтың құзырында айтар сылтауымыз, желеуіміз

болмайды. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге қажетті мағлұматтың

барлығын баяндап кеткен. Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай деп

баяндалады:

«Міне осы Құранда, адамдар өнеге алсын деп алуан түрлі мысал

келтірдік»

(Зүмәр сүресі, 27-аят)

.

Аллаһ Тағала баршамызға Құран Кәрім мен ардақты пайғамбардың

сүннетіне сай әрекет етуді нәсіп етсін! Әуелі ислам дінін үйреніп,

күнделікті өмірімізде іске асыралық. Кейін үйренгенімізді өзгеге тәлім

етелік! Аллаһ, қоғамымызда арсыздық пен жамандықтың жайылуына

жол бермесін! Бізді және ұрпағымызды имандылық нұрынан айыра

көрмесін деп тілейік ағайын!

Әумин!...

2. Білімжәне Құран Кәрімге қызмет ету

БілімжәнеҚұранКәрімге қызметжолында тер төгу, адамзат баласына

жасалатын ең маңызды игі істердің бірі екендігі сөзсіз. Адам баласы

дүниеге қатысты тәні өз қызметін атқаруы үшін материалды нәрселерге

қалай мұқтаждық болса, дәл солай мәңгі өмірдегі бақытын қамтамасыз

ететін рухани азықтар да аса зәру болып табылады. Құран Кәрімде бір

адамды материалдық қиыншылықтардан құтқару, ғаламдағы барша

жанды құтқарғанмен тең екендігі айтылған.

34

Ал бір кісінің өлі, ішкі жан

сарайын қайта тірілтіп жандандыруға, рухани тұрғыдан кемелденіп екі

дүниенің бақытына қол жеткізуіне себепші болуға Аллаһ Тағаланың

қаншалықты сауап, сый-сияпат жа айтындығын кім білсін?! Өйткені

адам баласының жаратылыс мақсаты, бұл дүниеде мәңгі қалып қою

емес. Керісінше осы дүниеде рухани кемелдігін арттырып, о дүниеге

дайындық жасау болып табылады. Тәнінің қызметін жалғастыру үшін

тамақтануының өзі рухани тұрғыдан кемелденуіне септігін тигізеді.

Аллаһ Тағаланың барлық нәрсені білетіндігін білдіретін көптеген

көркем есімдері бар. Мұсылман баласы Аллаһтың білім сипатынан нәсіп

алуға күш салуы қажет. Өйткені білім, байлығы таусылмас қазына, күш-

қуат көзі болып табылады. Шейх Сағдидің айтқаны тәрізді: «Кімде-кім

білімді болса, сол күшті».

Білімнің тек білген кісіге ғана емес, күллі жанды-жансыз махлұқатқа

пайдасы тиеді. Өйткені ақ пен қараны, зұлымдық пен ақиқатты тек білім

айырады. Пайдалы біліммен айналысу Хақ Тағаланың разылығына қол

жеткізуге себепші болады. Әрі Аллаһ Тағаланың құзырында құлшылық

ретінде қабыл етіледі.

34. Мәйда сүресі, 32-аят.