¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
68
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Кімде-кім Хақ Тағаланың разылығы үшін
үйренетін білімді, дүние-мүлікке қол жеткізу үшін үйренсе қиямет-
қайымда пейіш тұрмақ иісінен мақұрым қалады»
, - дейді
(Әбу Дәуіт, Білім
12/3664)
.
Білімнің пайдасы болуы қажет. Пайдасы тимейтін мағлұматпен
айналысу бекерлік, уақыт өлтіру болып табылады. Білім кісіні Хақ
Тағалаға құлшылық етуге, игі істер істеуге, адамзат баласына қызмет
етуге итермелеу керек. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде хақиқи ғалымдарды
былай деп суреттейді:
«
(Алосыкәпірлер)
Түндерінсәждеетумен, қиямдатұрыпқұлшылық
еткен, әрі ақыреттен сақтанған, әрі Раббысыныңмейірімінен үміт еткен
жан секілді ме?
(Уа, Елшім!)
Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?
- деп айт! Шын мәнінде мұны тек ақылды жандар ғана түйсінеді»
(Зүмәр
сүресі, 9-аят)
.
Раббымыздың аятта мадақтаған ғалымдары мынадай:
-Түндерін сәжде мен қиям халінде, шын пейілімен құлшылық
ететіндер;
-Аллаһ Тағаланың ақыреттегі есебі мен азабынан қорқатындар, яғни
ақыреттің қамын күйттейтіндер;
-Мейірімі шексіз Раббымыздың мейіріміне қол жеткізуге
үміттенгендер. Әрі сол үшін қолынан келгенін аянып қалмайтындар.
Аятта айтылған деңгейге қол жеткізу үшін һәм еңбектену керек һәм
дұғадан айрылмау қажет. Рухани деңгейі биік жандардың әрдайым дұға
халінде болуы таң қаларлық жайт емес.
Білімнің пайдалы болуы, кісінің онымен амал етуіне байланысты.
Шынайы өмірде жүзеге аспаған мағлұматтар кітап жолдарында немесе
кез келген уақытта ұмытылуға дайын тұрады.
Язид ибн Салама (р.а.) былай деп сабақтайды:
«Мен Аллаһ Елшісіне қарап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сенен көптеген
хадис естідім. Соңғы естігендерім бұрынғы естігендерімді ұмыттырады-
ау деп қорқамын. Маған осының барлығының орнын толтыратын сөз
айтшы», - дедім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Білгендерің жайлы Аллаһтан қорық. (Яғни,
білгеніңе сай әрекет ет, һәм ұмытпайсың һәм жаңа мағлұматтарды
үйрене аласың)»
, - деді
(Тирмизи, Білім 19/2683)
.
***
Барша ғылым атаулының қайнар бұлағы, қазынасы кітабымыз Құран
Кәрім болып табылады. Сондықтан ең қадірлі іс, амал Құран Кәрімді
үйренуһәмүйретужәнетәлімету.ҒаламныңмақтанышыПайғамбарымыз