Previous Page  70 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

70

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Құран оқуын естігеніңде Аллаһтан

қорыққандығы сезілетін кісінің дауысы мен қырағаты»

, - деп жауап

берген еді

(Дарими, Фадайлул-Құран 34)

.

Ал тілден жүрекке түспеген қырағаттың яки білімнің, кісіні Құран

Кәрімнің шексіз тұңғиықтарына жетелеуі екіталай.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Әнәстің (р.а.) айтуынша бір күні Әбу Талха (р.а.) Пайғамбарымызға

(с.а.у.)барғанеді.АллаһЕлшісінің(с.а.у.) түрегептұрыпАсхабус-суффаға

Құран Кәрім оқуды үйретіп жатқандығын көзі көрді. Ол аштықтан екі

бүктеліп қалған белін түзеу үшін қарнына тас байлап алыпты.

Міне, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) және ардақты сахабалардың ең сүйікті

ісі, Аллаһтың кітабын һәм үйреніп, һәм үйрету еді. Әрі мағынасын

түсініп, өзгелерге түсіндіру болатын. Олар Құран Кәрімді қайта-қайта

оқып, тыңдауды ұнататын.

39

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«

(Уа, Мұхаммед! Кез келген уақытта қандай да)

бір істің соңынан

жүрсең,

(яки)

Құран Кәрімнен бір нәрсе оқысаң,

(немесе)

қандай-да

бір істі істесеңдер

(жақсы яки жаман)

, әрі сол іске кірісіп кеткендеріңде

сендерді көріп тұрамыз. Жерде немесе көкте тозаң салмағындай нәрсе

Раббыңнан жасырын қалмайды. Тіпті одан кішісі яки үлкені міндетті

түрде лаухул-махфузда

(жазулы)

болады»

(Юнус сүресі, 61-аят)

.

Аятта әуелі «

кез-келген уақытта қандай-да бір істің соңынан

жүрсең»

деп жалпылама айтып өтіп соңынан Құран оқу туралы айтылуы

және Құраннан бұрын шан замирінің

40

қолданылуы Аллаһ Елшісінің

ең маңызды әрі ең үлкен ісінің Құран оқу екендігін меңзеу үшін болып

табылады.

41

Міне, сондықтан Құран Кәрім қызметі осындай абыройлы,

парасатты салих амал саналады.

***

39. Әбу Нұғайм, Хилятул-Әулия, Бейрут 1967, І, 342.

40. Шан замирі – қандайда бір есімнің нақты орынын белгілей алмаған замир. Бұл замир

өзінің алдындағы сөйлемнің мағынасын береді. Яғни өзінен бұрын келген сөйлем қандай

мағынада келсе бұл замир де сол мағынада болады. Шан замири өзінен келген сөйлемнің

мағынасын әуелі жабық көрсеткенімен кейін келген сөйлем оның мағынасын ашып береді.

Осылайша өзіне назар аудартып өзінен келетін есім немесе мағынаның абыройы мен

маңыздылығын көрсетеді.

41. Замахшари, Кәшшаф, Мұхаммед Мерси Амир, Кайр 1988, ІІІ, 17; Әбу Суғуд, Иршадул

Ақилус Сәлим, Бейрут (Дару ихяит турасил араби) IV, 156.