(
75
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Кулайб ибн Шиһаб былай деп әңгімелейді.
Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.) қасындағылардан Куфа мешітінен шығып
жатқан дауыстарды сұрады. Маңайындағылар: «Бәз біреулер Құран
Кәрім оқып жатыр, үйреніп жатыр», - деп жауап берді. Хазірет Әли
(р.а.): «Нендей бақыттыжандар! Олар Аллаһ Елшісінің ең жақсы көретін
жандары болатын», - деді
(Хайсами VII, 162)
.
***
Әбу Һұрайра (р.а.) сіз көп хадис-шәріп нақыл етесіз дегендерге былай
деп жауап берген еді.
«Мұһажир бауырларым сауда-саттықпен, Ансар бауырларым
егіншілікпен, құрма бауларымен шұғылданып жатқанда, мен жартылай
аш, жартылай тоқ Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қасынан шықпайтынмын.
Олар келе алмаған шақта мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) маңынан
табылатынмын. Олар көрмеген көптеген нәрсеге мен куә болдым.
Олардың жаттай алмағанын, мен жаттап алатынмын»
(Бұхари, Білім 42)
.
Мінекей осындай шарттарда Аллаһ Елшісінің мубәрак сөздерін,
іс-әрекеттерін, халін кейінгі ұрпаққа жеткізу құрметіне қол жеткізген
сахабалардың ең ұлықтарының бірі Әбу Һұрайра болатын. Ол
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) және сахабалардан естіген хадистердің
қайталануын қосар болсақ бес мың үш жүз жетпіс төрт хадис-шәріп
нақыл етті. Осылайша ең көп хадис-шәріп риуаят еткен сахабаға
айналды. Бұл мубәрак сахабадан сегіз жүзден астам сахаба және табиғин
хадис нақыл еткен еді.
***
Ардақты сахабалар Құран Кәрім оқуды өзгеге үйретуді мүлтіксіз
орындаушы еді. Абдулла ибн Масғұд біреуге бір аят үйретіп: «Бұл аят
күннің сәулесі үстіне түскен немесе дүние жүзіндегі барша нәрседен
хайырлы», - дейтұғын. Бұл сөзін Құранның әрбір аяты үшін қайталайтын
(Хайсами VI, 166)
.
«Білім жоқ болып кетпей тұрғанда оны үйреніңдер. Оның жоқ болып
кетуінің себебі, ғалымдардың жоқ болып кетуінен туындайды. Білім
үйреніңдер, өйткені кез келген жан оған қашан мұқтаж болатындығын
білмейді», - деп те айтатұғын.
***
Абдулла ибн Масғұд (р.а.): «Өзінен өзге тәңірі болмаған Аллаһқа
ант етейін! Аллаһ Тағаланың кітабындағы әрбір сүресінің қай жерде
түскендігін білемін. Әрі Аллаһ Тағаланың кітабындағы әрбір аяттың
кім жайлы түскендігін де білемін. Басқа біреудің Аллаһтың кітабын
менен жақсы білетінін естісем әрі оған түйемен жету мүмкін болса еш
ойланбастан сапар шегер едім», - дейді
(Бұхари, Фадайлул-Құран 8)
.