¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
80
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
аты сүрініп кетті. Аттың аяғынан шашыраған балшық сұлтанның
үстіндегі бешпентке тиді. Камал Пашазада қатты мұңайып, реңі өзгеріп
кетті. Явуз оған бұрылып күлімсіреп: «Ғұламалардың атының аяғынан
шашыраған балшық, біз үшін үлкен құрмет, абырой. Бұл балшық тиген
бешпентті, мен көз жұмғанда қабірімнің үстіне қойыңдар», - деді.
Ғалымдарға көрсетілген осындай құрмет, ілтипат Осман империя-
сында білімнің артуына, өркендеуіне үлкен үлес қосқан қолдау, демеу
болды.
***
Қысқасы, білім және Құран қызметтеріне маңыздылық таныту,
көптеген қиыншылыққа, машақатқа төтеп беру демек. Ешбір жанның
жас деңгейіне мән берместен Құран Кәрім мен сүннетті, яғни Исламды
үйрету үшін қолдан келгенді аянып қалмау қажет. Өйткені екі дүниеде
бақытты болуымыз осыған байланысты жамағат!
Білім және Құран Кәрім қызметтерін атқару Аллаһ Елшісі уәде еткен
сауаптан, сыйдан нәсіп алуға себепкер болады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Адам баласы көз жұмған шақта тек мына
үш амалынан өзге барша амалының сауабы тоқтайды. Олар: «Садақа-
жария, пайдасы тиетін білім және соңынан дұға ететін қайырлы
перзент»
, - дейді
(Мүслим, Уасият 14)
.
Білім және Құран Кәрім қызметтері кісіні екі дүниеде қадірлі етеді.
Аллаһ Тағалаға жақындатады. Салих, ізгі мұсылман баласы Аллаһ
Тағаланың разылығына қол жеткізу үшін әуелі білімнің соңына түсуі
керек. Білімге қызмет етуі қажет. Тіпті болмаса білім алуға талпынып
жүргендерге қол ұшын беруі ләзім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Мүмин пейішке кіргенге дейін, естіген ешбір
біліміне тоймайды»
, - дейді
(Тирмизи, Білім 19/2686)
.
3. Қоғамдық қызметтер
Аллаһ Тағала, адамдардың бір қоғам ішінде өмір сүруін қалайды әрі
оларды бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Намазды жамағатпен оқуды,
пақырларға зекет беруді және шамасы жеткендердің қажылыққа барып
Ислам әлемімен танысуын әмір еткен. Бұлардың барлығы адамдардың
Аллаһқа құлшылық етуде бір-біріне жәрдем етулері, үгіттеулері үшін
керекті. Сондықтан Аллаһ Тағала қоғамдық қызметтерге үлкен сауаптар
уәде еткен.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына қарап:
«Бүгін кім жаназа намазына қатысты?»
«Бүгін кім бір пақырды тойғызды?»