(
77
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қабыл болмайды. Нәпіл намаз оқығанда өздеріңе ие бола алмай мұны
істесеңдер де, оны парыз намаздарда істемеңдер. Бұған міндетті түрде
сақ болыңдар»,-деп сөзін жалғастырған еді
(Ахмед VI, 442-443)
.
Бұл мубәрак сахаба соңғы деміне дейін Аллаһ Елшісінен (с.а.у.)
үйренген білімін адамдарға үйретумен болды. Ажалының таяп
қалғандығын сезіп намазға қатысты маңызды деп таныған хадис-шәріпті
адамдарға қайталап айтуды жөн көрді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көз
жұмардан алдын айтқан соңғы сөздері: «Намазға, әсіресе намазға үлкен
мән беріңдер. Қол астарыңда жүргендер жайлыАллаһтан қорқыңдар»,
46
-
деді. Бұл сөздерді қайталап айтуғашамасыжетпегенПайғамбарымыздың
(с.а.у.) ішінен қайталағанын
47
ойлаған Әбуд-Дарданың, ажалы таяған
шақта адамдарға жасаған ескертуіндегі терең сырды жақсы ұғынамыз.
***
Имам Абдулла әл-Фариси былай деп әңгімелейді:
«Мен Әбу Ханифаның жанында отырған едім. Кенет күтпеген жерден
үйдің шатырынан бір кірпіш құлап, басымды жарды. Мұны көрген Имам
Ағзаммаған қарап: «Құнын сұрайсың ба?Әлде үшжүз хадис-шәріп саған
нақыл етейін бе?» - деп сұрады. Мен: «Хадис-шәріптерді нақыл етуіңді
қалаймын», - деп жауап бердім. Ол уәдесінде тұрып, хадис-шәріптерді
маған нақыл етті».
48
***
Ибн Сирин (р.а.) былай дейді:
«Бір күні мешітке келдім. Қарасам Самир ибн Абдуррахман қысса
айтып отыр екен. Ал Хумейд білім үйретіп жатыр екен. Бұлардың
қайсысының мәжілісіне отырайын деп ойландым. Сөйтіп отырып көзім
ілініп кетіпті. Түсімде біреу маған келіп: «Қайсысының мәжілісіне
отырайын деп ойланып тұрсың ғой. Қаласаң саған Хумейдтің жанында
отырған Жәбірейілдің (а.с.) орнын көрсетейін», - деді»
(Дарими, Муқаддима
32)
.
Хазірет ибн Сирин Аллаһтың қалауымен Жебірейілдің (а.с.)
мәжілісін таңдады. Осылайша қиямет-қайымға дейін есімі өшпейтін
әйгілі ғалымға айналды.
***
Отыз жыл бойы білім іздеп жер жиһандышарлаған Яқуб ибн Суфиян
өзінің басынан өткен уақиғасын былай деп жеткізеді:
46. Әбу Дәуіт, Әдеп 123-124/5156; ибн Мәжә, Уасая 1.
47. Ахмед VI, 290.
48. Абдулфаттах Әбу Ғудда, Сафахат мин сабрил ғуләма алә шадаидил илми уәт тахсил,
Бейрут 2003, 52-53.