¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
78
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Сапар шегіп келе жатқан едім. Азығым таусылуға айналды. Түні
бойыжазып, күндіз білімоқитынмын. Бір күні түндешамныңжарығымен
жазып жатқан болатынмын. Қыс мезгілі еді. Кенеттен көздерім жасқа
толып, ешнәрсе көре алмайтын болып қалдым. Ел-жұртымнан алыстап,
білімге деген өмірімнің біткендігін ойлап, мұңға баттым. Көздеріме
кенеттен бір ауыртпалық түсіп, ұйықтап қалдым. Түсімде Аллаһ Елшісін
(с.а.у.) көрдім. Маған: «Яқуб! Неге жылайсың?» - деп сұрады.
– Ей, Аллаһтың Елшісі! Көзім көрмей қалды. Бұдан былай білім
үйрене алмайтын болдым-ау деп мұңайып жүрмін, - деп жауап бердім.
– Жаныма кел, - деді. Кейін оқып тұрған тәрізді болып, қолдарын
көздерімнің үстінен жүргізіп өтті. Оянғанымда көздерім қайта көріп
кетті. Парақтарды қолыма алып, жазуды жалғастырдым».
49
***
Иылдырым Баязит ханның ұлдарының бірі шаһзада Сүлейменді,
дәрістеріне деген құлықсыздығы үшін ұстазы жеңіл жазалаған болатын.
Шаһзада ашуға мініп, сарайға барып ұстазының үстінен шағым айтты.
Иылдырым хан ұстазбен көрісіп, шаһзада Сүлейменді неге жазалағанын
сұрады. Ұстаз байсалды әрі салмақты кейіпте, тарихта алтын әріптермен
жазылатын мына жауапты айтты.
«Падишаһым! Шаһзадаңыз ертең осы мемлекеттің билігін қолына
алмақ. Үмбет оған аманат етілмек. Оның сауатсыз болып тәрбиеленуі
халқына залалын тигізбек. Иә, ол бүгін шаһзада. Алайда әлі білімді
және ізгі жанға айналмады. Сондықтан мен оны бағып-қағуға әрі керекті
тәрбиені беруге мәжбүрмін».
Иылдырым Баязит үлкен құрметтілікпен көзін төмен салып: «Иә,
айтып тұрғаныңыз дұрыс. Сіз қажет болса, мені де жазаландырасыз.
Сіз секілді ұстаздарымыз тірі тұрса, әлемге үстемдігімізді жүргіземіз»,
- деді.
Ұстаз рухани дүниесі бай падишаһтың сөзіндегі мағынаны
аңғарды. Дәріске келіп, ұлын неге жазалағанын сұраған падишаһқа
мәймөңкелемеді. Осылайша шаһзада ұстазының рухани тұрғыдан
мәртебесінің әкесі сұлтаннан артық екендігін ұғынды. Қателігін түсінді.
Сол күннен бастап дәрістеріне ерекше ден қойып, үлгерімі жақсы
шәкірттердің біріне айналды.
***
Фатих сұлтан Мехмет хан уәзірлерімен бірге бюджет мәселелерін
қарастырып жатқан болатын. Сұлтанның медреселерге бөлген қаражаты
49. Ибн Хажар, Тәһзибут-тәһзиб, Бейрут, 1991, VI, 243-244.