Previous Page  81 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 462 Next Page
Page Background

(

81

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Бүгін кім бір аурудың көңілін сұрап шықты?» - деп сұрады. Кейін:

«Кімде-кім бұл ізгі істердің барлығын жүзеге асырса, ол міндетті түрде

жәннатқа кіреді»

, - деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сауалдары арқылы мүминнің тек өзін

ойламай, қоғамды ойлауын, яғни өзімшілдіктен құтылып, өзгешіл,

халықшыл және кеңпейіл болуға үндейді.

Төмендегі мына хадис-шәріпте қоғамдық қызметтердің бағасы, игілігі

айтылған.

«Кімде-кім ораза ұстап, аурудың көңілін сұраса әрі жаназаға қатысса,

оның (кіші) күнәлары кешіріледі. Кейін істегендері бұдан тыс»

(Ахмед III,

440)

.

Ал мына құдси хадисте қоғамдық қызметтердің құлдың Аллаһқа

жақындауына себепкер болатындығы айтылған.

«Аллаһ Тағала қиямет күнінде былай дейді:

«Ей, адам баласы! Сырқаттанып қалдым. Сен менің көңілімді

сұрамадың?»

Адам баласы:

«Сен әлемдердің Раббысысың, мен Сенің көңіліңді қалай сұрап

шығар едім?» - дейді.

Аллаһ Тағала:

«Пәленше деген құлым сырқаттанып қалған еді. Сен оның көңілін

сұрап шықпадың. Оған кіріп шықсаң, мені соның қасында табар едің.

Мұны білмеуші ме едің?» - дейді.

Аллаһ Тағала:

«Ей, адам баласы! Сенен мені тамақтандыруыңды сұрадым. Сен мені

тамақтандырмадың», - дейді.

Адам баласы:

«Сен әлемдердің Раббысысың, мен сені қалай тамақтандырар едім?»

- дейді.

Аллаһ Тағала:

«Пәленше деген құлым, сенен тамақ сұраған еді. Егер оған тамақ

берсең, бергеніңнің сауабын менің құзырымда міндетті түрде алар едің.

Мұны білмеуші ме едің?» - дейді.

Аллаһ Тағала:

«Ей, адам баласы! Мен сенен су сұраған едім. Сен бермеп едің», -

дейді.