Previous Page  84 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

84

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

айтсақ, «қол пайдада (болу керек), ал жүрек Хақпен бірге болу қажет»

ұстанымын әрдайым ұстану көзделген.

Ата-бабамыз

қоғамдық

қызметтердің

маңыздылығын

өте

жақсы түйсінген. Жеке басының қамын күйттеудің орнына, халық

пайдаланатын қоғамдық шараларды жүзеге асыруға күш салған. Мұны,

тіпті мұсылманшылықтың ата дұшпаны болған жандар да мойындаған.

Солардың бірі, өз дінін қатты ұстанатын протестант епископ

Саломон Шуайгер. Ол падишаһынан бастап қарашасына дейін барша

мұсылмандардың өз үйлерін өте қарапайым пішінде салатындығын

аңғарған. Ал мешіттер және өзге де қоғамдық ғимараттарды орасан зор

пішінде, әрі ғажап өнер туындысы ретінде салатындығын көргенде,

таңданысын жасыра алмай өзінің естелік кітабы «Саяхатнамаға» жазған.

Соныменқатарепископтыңбұлтуындысы,солшақтағымұсылмандардың

діндерін жақсы ұстанғандығына айғақ бола алады.

51

Кәміл иманның алғашқы жемісі, Жаратушыға деген махаббаттан

туып, жаратылған барша махлұқатқа рақымдылық пен мейірімділік

көрсету болып табылады. Рақымдылық пен мейірімділіктің жарқын

бейнесі махлұқатқа қызмет еткенде байқалады. Қоғамдық қызметтердің

барлығыосыекі негізарқылыжүзегеасуықажет.Мінеосылайатқарылған

қызметтер, құлшылық ретінде қабыл етіледі.

а) Күллі жаратылысқа мейірімділікпен мәміле

жасау

Ұлық Раббымыз Құран Кәрімде жиі-жиі кешірімшілдігіне,

мейірімділігіне қатысты көптеген сипаттарын атап көрсеткен. Тіпті

«Рақымдылардың ең рақымдысы»

52

екендігін, рақымдылығының

барша нәрсені қамтығандығын

53

айтады. Он сегіз мың ғаламдағы күллі

рақымдылықтың көрінісі Аллаһ Тағаланың шексіз рақымдылығынан

бастау алады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Хақ Тағала рақымдылығын жүзге бөлді. Оның

тоқсан тоғыз бөлігін өзінің құзырында алып қалды. Ал қалған бір бөлікті

жер жүзіне жіберді. Міне осы бір бөлік рақымдылықтың арқасында барша

махлұқат бір-біріне рақымдылық танытады. Тіпті биенің құлынына

зиянын тигізбеу үшін аяғын көтеруі, осы бір бөлік рақымдылықтың

әсері»

, - дейді

(Бұхари, Әдеп 19; Мүслим, Тәубе 17)

.

РақымдылығышексізРаббымыз,құлдарыныңбір-бірінерақымдылық

пен мейірімділік танытуларын мұрат етеді. Ғаламның мақтанышы

51. Илбер Ортайлы, Османлыйы иениден кешфетмек, 57, 88.

52. Ағраф сүресі, 151-аят.

53. Ағраф сүресі, 156-аят.