Previous Page  89 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 462 Next Page
Page Background

(

89

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Умму Қайыс бинти Михсан (р.а.) былай деп әңгімелейді.

Ұлым көз жұмды. Өлімі қатты жаныма батты. Оны жуатын кісіге:

«Ұлымдысуықсуменжума.Оныөлтіріпқоясың», -дедім.Бұлсөзді естіген

бауырым Уккаша дереу Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) барып, айтқандарымды

жеткізіпті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) күлімсіреп: «Осылай деп жатыр ма?!

Аллаһ оның өмірін ұзартсын», - деді.

Хадисті нақыл еткен рауи: Біз ол тәрізді ұзақ өмір сүрген әйелді

көрмедік», - дейді

(Нәсай, Жанайз 29)

.

Адамзат баласы өте қадірлі болып жаратылған. Сондықтан көзі

тірісінде қалай құрмет көрсетілсе, о дүниелік болғанда да дәл сондай

құрметке бөленуі тиіс. Марқұмды суық немесе қайнап тұрған сумен

жуу, ары-бері аунатып денесіне сызат салу тағы да басқа іс-әрекеттерге

тыйым салынған.

Бұл хадис-шәріптен басқа мағына да шығады. Ол Умму Қайыстың

(р.а.) ұлына мейірімі түсіп, жуатын кісіге кеңес беруі. Мұны естіген

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның ұлына деген мейіріміне көңілі толып, ұзақ

өмірлі болуын тілеп, дұға етуі. Сондықтан бұл риуаяттан рақымды әрі

мейірімді жандардың өмірлері ұзақ болады деген мағына шығуы әбден

мүмкін.

***

Абдулла ибн Жағфар (р.а.) саяхатқа шыққан еді. Жолы түсіп бір

құрма бауына кірді. Баудың қызметшісі қара түсті құл болатын. Құлға

үш дана нан әкелінді. Дәл сол кезде бір ит келді. Құл үш нанның бірін

әлгі итке берді. Ит нанды жеп алды. Кейін тағы да біреуін лақтырды.

Ит оны да жеп алды. Кейін үшіншісін лақтырды. Ит оны да жеп қойды.

Мұны көрген Абдулла ибн Жағфар (р.а.) мен құлдың арасында мынадай

әңгіме жүріп өтті:

– Сенің алатын ақың не?

– Мына сен көріп тұрған үш дана нан.

– Неге барлығын итке бердің?

– Бұл маңайда еш ит болмайтын. Бұл ит ұзақ жерден келді-ау деймін.

Аш қалуына көңілім разы болмады.

– Сонымен бүгін не жемексің?

– Сабыр етемін. Күндік ақымды Раббымның аш махлұқына бердім.

Мұндай көркем ахлақты көрген Абдулла (р.а.): «Субханаллаһ! Жұрт

мені аса жомарт деп мақтайды. Ал ақиқатына жүгінсек мына құл менен

асқан жомарт екен», - деді. Соның артынша құлды және бауды сатып