Previous Page  94 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

94

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әйгілі саяхатшы Ду Лойр, Парижде басылған саяхатнамасында

былай дейді:

Түріктердің әдет-ғұрыптарының ерекшіліктеріне қатысты соңғы

көргендерім туралы қысқаша былай түйіндейін.

Олардың жақсылығы мен игілігі тек адамдармен шектеліп қалмай,

хайуандарды да баурап алған. Барша осман империясының жерінде

«имарет» деп аталатын қонақүйлер бар. Оларды уақыф еткен кісінің

шартыбойыншақайдінді ұстансада, күллі пақырлардыңмұқтаждықтары

өтелуі тиіс. Кез келген жолаушының «имаретте» үш күн қалып қонуына

құқығы бар. Сонымен қатар оларға әр мезгіл сайын бірнеше табақ күріш

беріліп тұрады.

Қалалардың көшелерінде бұл «имареттерден» басқа, барша жанға

әрдайым есігі ашық «керуенсарай» деп аталатын қалың көпшілікке

арналған ғимараттар кездеседі.

Кейбір түріктер игілік ретінде жол бойына су көздерін аштырады.

Ал бәз біреулер көше бойына «сәбилдер» салдырады. Сол маңайда

дәл мекемедегі қызметкерлер секілді айлық алатын қызметкерлер бар.

Атқаратын істері, шөлдеген кісіге су тарату болып табылады.

Байлар абақтыларға келіп, қарызын өтей алмағандығы үшін

қамалғандардыңқарызынөтепшығарыпалады.Халдерінайтуғақысылып

жүрген пақырларды тауып алып, ел көзіне көрсетпей мұқтаждықтарын

қамтамасыз етеді.

***

Аллаһ Тағала жаратқан махлұқатқа көрсетілетін рақымдылық пен

мейірімділіктің ең үлкен көріністерінің бірі «уақыфтар» екендігі даусыз.

Олар,АллаһТағаланыңқұлдарыныңбойынанкөргісікелгенрақымдылық

пен мейірімділік қасиеттерінің мекеме түріне айналған кейпі. Тек қоғамға

қызмет етеді. Осман империясында негізі қаланған уақыфтарға ғана

көз жүгіртіп, сөз қозғар болсақ, мәселенің маңыздылығын аңғару қиын

емес. Ұлан-ғайыр Осман империясында құрылған уақыфтардың толық

санын айту мүмкін емес. Алайда архивтерде уақыфтар санының жиырма

алты мың үш жүз екендігі тіркелген. Осы санның өзі ата-бабамыздың

рақымдылық пен мейірімділік көкжиегін көрсетеді.

60

Осман империясы гүлденген дәуірде бас уәзір қызметін атқарған,

60. Осман империясы кезінде уақыф құрған адам уақыфтың шарттарын қамтыған

құжаттарын қазыға тіркеткен соң Станбулдағы Дәптерхананың (Құжаттар тұратын

жер) арнайы бюроларына барып жазғызып қоятын. Дәптерханада тіркелген құжаттар

бүгінгі күні де Анкара Уақыфтар Басқармасының архивінде сақтаулы тұр. Бұл архивте

жиырма алты мың үш жүз уақыф құжаттары бар. (Док. Зия Казыжы, Ислами ме сосял

ачыдан вакыфлар, Станбул 1985, 43-44 беттер).