Previous Page  99 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 462 Next Page
Page Background

(

99

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Жеміс ағаштары да өз нәсілін жалғастыру үшін өте көп жеміс береді.

Мыңдаған жемістің тек біреуінің тұқымы жерге түсіп, ағашқа айналса

алға қойған мақсаты орындалады. Ал басқа жеміс адам баласына және

жан-жануарларға бұйырады.

Хайуандар адам баласының азығына арналған. Олар белгілі уақыт

ішінде өседі. Уақыты жеткенде адам баласы үшін өзін құрбан етеді.

Топырақ, аяқтың астында тапталғанымен үстінде жайылып жүрген

хайуандардың тезегін, қиын тыңайтқышқа айналдырып, алуан түрлі

көкөністің, жемістің өсуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл мысалдардың барлығы адамның халықшыл, өзгешіл болуына

үгіттейді. Тапқан малының яки қол астындағы дүние-мүлкінің, өз

мұқтаждығын толықтай өтегеннен кейін ғана бір бөлігін инфақ етуіне

шақырады. Яғни, Хақ Тағала табиғатта мыңдаған мысалдарды көрсете

отырып, құлының (пендесін) халықшыл, өзгешіл болуын қалайды.

Күллі махлұқаттың жаратушысы, иесі, ешкімге, еш нәрсеге

мұқтаждықтан аулақ ұлық Раббымыз құлдарының садақаларын өзі

алатындығынайтып,

65

инфақтыңмаңыздылығынкөрсеткен.Құлдарының

игіліктерін, садақаларын «әл-қарзул-хасан» (игі қарыз) атымен қабыл

етеді. Сонымен қатар, һәм бұл қарызды өзі өтейтіндігін, һәм пәленше

есе қылып өтейтіндігін уәде еткен.

Хақ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«

(Уа, иман келтіргендер!)

намазды мүлтіксіз оқыңдар! Зекетті

беріңдер! Сондай-ақ Аллаһқа игі қарыз беріңдер! Өздерің үшін

(өлместен)

алдынқандай-дабіригілікжасасаңдар, оныңсыйынміндетті

түрде

(жасаған игіліктен)

артық әрі сауабы мол күйде Аллаһтың

құзырында табасыңдар!»

(Муз ммил сүресі, 20-аят).

Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Садақа ешқашан дүние-мүлікті

азайтпайды. Құл садақа беру үшін қолын созғанда, сол садақа алушының

қолынажетпейжатып, міндетті түрде Аллаһ Тағаланың қолынатүседі»

,

- дейді

(Әли әл-Муттақи VI, 377/16134; Табарани, Кәбир IX, 109)

.

Хақ Тағаланың сүйікті құлдарына айналуымыз үшін, жақсы көрген

нәрселерімізді инфақ етуіміз қажет. Бұл жайлы Аллаһ Тағала Құран

Кәрімде:

«Сүйген нәрселеріңді сарп етпейінше, «биррге»

(Аллаһтың

разылығына)

қол жеткізе алмайсыңдар!»

- дейді

(Әли Имран сүресі, 92-аят)

.

Аяттағы «бир» сөзі, игіліктің ең жақсысы, Аллаһтың мейірімі,

разылығы, жәннаты деген мағыналарда тәпсір етілген. Оған қоса, Хақ

Тағала басқа бір аятта «бирге» былай деп түсініктеме берген.

65. Тәубе сүресі, 104-аят.