Previous Page  103 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 462 Next Page
Page Background

(

103

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

керек. Хақ Тағала Құран Кәрімде бұған ерекше мән берген

(Бақара сүресі,

271-аят; Инсан сүресі, 8-11 аяттар)

.

4.Мұсылман, өзіне берілгендешын көңілімен қабыл етпейтін сапасыз,

нашар нәрселерді өзгеге инфақ деп бермеуі қажет.

5. Берген кісі, алғанға іштей алғысын білдіруі тиіс. Өйткені ол оны

үлкен жауапкершіліктен құтқарып, сауап алуына жол ашады.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Меккені бағындырды. Мұсылмандардан тартып

алынған Қағбаның кілтін қайта алды. Күллі жан кілтті кімге берер

екен деп білуге құмарланып жүрді. Ал қасиетті Қағбаның кілтін ұстау

және жабуын жасау (Хижаба) қызметін өз қолына алуды сахабалардың

алдыңғы қатардағыларының баршасы тілейтұғын. Бұрыннан «сиқайа»

(қажыларға су беру) уазипасын атқарып келген немере ағасы Хазірет

Аббас келіп, АллаһЕлшісінен «хижаба» (Қағбаныңжабуымен айналысу)

қызметін сұрап келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасына қарап:

«Мен сендерге адамдардың бәйтулмалға (қазынаға) беретін жабу тәрізді

нәрселерден күн көрулеріңді қамтамасыз ететін қызметті емес, келген

қажылардың су мұқтаждығын өтеу үшін қаржыларыңды жұмсап, мол

сауапқа қол жеткізетін ауыр қызметті берейін»,-деп бұрыннан атқарып

келе жатқан қызметін жалғастыруды бұйырды.

Аббастың (р.а.) Тайыфта жүзім бағы бар еді. Ислам діні келместен

бұрын да, кейін де сол жерден мейіз тасып зәмзәмға араластырып

қажыларға беретұғын. Өзінен кейін ұлдары, немерелері де сол қызметті

жалғастырды

(Ибн Хишам IV, 32; ибн Сағд II, 137; Уақиди II, 838)

.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) туыстарына дүниелік

пайданы қамтамасыз ететін қызметтердің орнына, Аллаһтың құлдарына

қызмет ететін, инфаққа қатысты уазипалар берген. Міне осы уақиға,

дүниеде ауыр міндет тәрізді болып көрінген инфақ пен қызметтердің

ақыреттегі мәңгі өмірде бақытқа қол жеткізуге себепкер болатындығын

көрсететін бұлтартпас айғақтардың бірі.

***

Умму Салама анамыз (р.а.) былай деп нақыл етеді.

Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзінің реңі өзгеріп келді. Бір

жері ауырып қалған шығар деп ойладым. Қатты қорқып: «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Бір жеріңіз ауырып жүр ме? Жүзіңіздің реңі өзгеріп кетіпті», -

дедім.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Бізге түнде келген жеті

динарды ойлап осындай күйге түстім. Кеш болды, оны әлі инфақ етпедік