Previous Page  104 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

104

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

(садақа етіп берейік)»

, - деді

(Ахмед VI, 293; Хайсами X, 238)

.

Бұл уақиға Аллаһ Елшісінің, Құран Кәрімнің тіліне салсақ «ра-

ууф» (аса рақымды) және «рахим» (өте мейірімді) екендігін, яғни

рақымшылдық пен мейірімділіктің заңғар биігінен орын алғанын

көрсететін мыңдаған мысалдардың бірі ғана.

***

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көз жұматын күні Хазірет Айшаға (р.а.) үйдегі

жатқан алты-жеті динарды пақырларға таратуын әмір етті. Біраз уақыт

өткеннен кейін динарларды не қылғанын Айшадан (р.а.) сұрады. Хазірет

Айшаның (р.а.) аласапыранда ұмытып кеткендігін естігенде, динарларды

өзіне алып келуін бұйырды. Оларды қолына алып: «Аллаһтың

пайғамбарыМұхаммед, бұларды пақырларға таратпай, өзіне алып қалып

Раббысына қауышуды дұрыс көрмейді», - деді. Динарларды Ансардың

кедейлерінің бес үйіне берді. Бұдан кейін: «Енді көңілім тыныш тапты»,

- деп көз ілдіріп алды

(Ахмед VI, 104; ибн Сағд II, 237-238)

.

Мінекей жомарттардың сұлтаны Пайғамбарымыз (с.а.у.) өлім

төсегінде жатса да инфақты (садақаны) тәрк етпеген еді.

***

ХазіретХадишаанамыз (р.а.)ауқаттыкісітұғын.Меккедегі байлардың

бірі еді. Жанын, дүние-мүлкін, күллі байлығын Аллаһ Елшісінің жолына

атады. Ислам діні алғаш келгенде материалдық және рухани тұрғыдан

көптеген көмек көрсеткен жандардың бірі осы қадірлі анамыз болды.

Сондықтан, опалықтың асқар шыңы Пайғамбарымыз (с.а.у.) анамызды

ешқашан ұмытпайтын, әрдайым жақсылықтарын айтып еске түсіріп

отыратын.

***

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сауда-саттықпен айналысатын әл-ауқаты

жақсы кісі болатын. Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) пайғамбарлық келгенде

қырық мың дирһамы бар еді. Дүниесінің үлкен бөлігін ислам жолында

жұмсады. Қалған бес мың дирһамды һижрет еткенде өзімен бірге алып

кетті.

Исламның алғашқы күндерінде мұсылман болып, қиыншылықтарға

душар болған құлдарды өте қымбат бағаға сатып алып, азат ететін.

68

Хазірет Әбу Бәкірдің мына сөздері ел арасында мәшһүр: «Маған

дүниеде үш нәрсе сүйдірілді: Аллаһ Елшісі Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

жүзіне қарау, қызымның оған әйел болуы және оның жолында мал сарп

ету».

***

68. Ибн Хишам І, Табари ХХХ, 279 (Ләйл сүресі, 5-7 аяттарының тәпсірінде).