Previous Page  107 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 462 Next Page
Page Background

(

107

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қабыл еттім. Сені қуанышты хабармен сүйіншілеймін. Мұхаммедтің

(с.а.у.) жанын қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, сен инфағы

қабыл болғандардың қатарына жазылдың», - деді

(Ибн Хажар, әл-Исаба II,

500; ибн Кәсир, әс-Сира IV, 9; Уақиди III, 994)

.

***

Әбу Масғұд әл-Ансари (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге инфақ

жасауды әмір ететін. Арамыздағы бәз біреулер базарға барып, жүк

таситын. Алатын ақысы бір «муд» (ас) болатын. Ол соның бір бөлігін

инфақ етуші еді. Қазіргі таңда солардың әрбірінің жүз мың (динары)

бар», - деген

(Бұхари, Зекет 10)

.

***

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) орнынан тұрып: «Уа, жарандар! Инфақ

етіңдер. Мен соған қиямет күні куәлік етейін. Бәлки араларыңдағы

біреудің боталары тоқ, аунап-қунап жатқанда маңайындағы ұлы

аштықтан белі бұралып жатыр. Бәлки араларыңдағы біреудің ағаштары

жемісберіп, дүние-мүлкі артыпжатқанда, көршісі түгіжоқжарлы.Жарлы

жанұяға таңертең бір игілік, кешке бір игілік болатын бір сауын түйесін

садақа ретінде беретін ешкім жоқ па? Түйе оларға таңертең, кешке шұбат

берсін. Көздеріңді ашып жүріңдер. Мұның сауабы мол», - деді.

Бір кісі орнынан тұрып: Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің түйелерім бар.

Төрт табын түйем бар (бұл түйелердің бірі садақа болсын)», - деді.

Басқа біреу орнынан тұрды. Бойы қысқа әрі сүйкімсіз жан болатын.

Әдемі бір түйені жетектеп келе жатыр еді. Мұнафықтардың бірі

Пайғамбар естімейді-ау деп: «Түйесі өзінен қайырлы екен», - деп

сыбырлады.

Бірақ бұл сөзді естіп қалған Пайғамбар: «Өтірік айттың. Ол түйесінен

де, сенен де қайырлы», - деді.

Абдуррахман ибн Ауф орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сегіз

мың дирһамым бар. Төрт мыңын жанұяма қалдырдым. Төрт мыңын

өзіммен алып келдім. Оларды Аллаһқа берейін», - деді. Мұнафықтар

мұны көпсінді.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһым! Оның

әкелгенін және жанұясына қалдырғанын берекелі ет», - деп дұға

жасады.

Кейін Асым ибн Ади (р.а.) орнынан тұрып, жетпіс «уәсіқ»

70

құрманы

инфақ етті. Мұнафықтар Абдуррахман мен Асымды келеке етіп:

«Мыналардың ісі рия. Бұлар байлығымызды жұртқа көрсетіп қалайық

70. Уәсіқ: ауырлығы шамамен 200 кг салмақ өлшемі.