Previous Page  111 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 462 Next Page
Page Background

(

111

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сүйінішті хабарды жеткізді

(Уақиди, 95 бет)

.

***

Бір күні тіленшілердің бірі Хазірет Әлидің жанына келіп бір нәрсе

сұрады. Хазірет Әли (р.а.) ұлы Хасанға яки Хұсейнге қарап: «Шешеңе

барып, өзім беріп кеткен алты дирһамның біреуін алып кел», - деді. Ұлы

үйге барып, қайтып келіп: «Шешем ол алты дирһамға ұн аламын деп

айтты», - деді.

Хазірет Әли (р.а.): «Кез келген құл Аллаһтың құзырындағыға өз

қолындағыдан артық сенбесе, иманы кемелденбейді. Шешеңе бар. Әкем

алты дирһамның барлығын беріп жіберсін деп айтты де», - деп ұлын

қайта жіберді.

Хасан немесе Хұсейн үйге барып, алты дирһамды алып келіп, әкесіне

берді. Ол алты дирхамды түгелдей тіленшіге берді.

Хазірет Әли (р.а.) үйге беттеуі мұң-ақ екен түйесін сатуға келген бір

кісі қасынан шыға келді.

Әли (р.а.) оған қарап:

– Түйеңді қаншаға сатасың? - деп сұрады. Ол:

– Жүз қырық дирһамға, - деп жауап берді. Әли (р.а.) оған:

– Ақшасын кейінірек алу шартымен түйені есікке байла, - деді. Кісі

түйені есікке байлап, кетіп қалды. Сол сәтте басқа бір кісі келіп:

– Мына түйе кімдікі? - деп сұрады. Хазірет Әли (р.а.):

– Менмін, - деп жауап берді.

– Сатасың ба?

– Иә, сатамын.

– Қаншаға?

– Екі жүз дирһамға. Ол:

– Жарайды, келістік. Алдым, - деді.

Кісі екі жүз дирһам беріп, түйені алып кетті. Хазірет Әли (р.а.)

түйенің иесіне жүз қырық дирһам берді. Қалған алпыс дирһамды Хазірет

Фатимаға әкеліп берді. Хазірет Фатима анамыз: «Бұл қайдан келді?» -

деп сұрады.

Хазірет Әли (р.а.): «Бұл Аллаһтың Құран Кәрімде:

«Кімде-кім бір

жақсылық жасаса,

(жақсылығының сыйы)

оған он есе етіп беріледі»

деп айтып, Пайғамбары (с.а.у.) арқылы бізге уәде еткен сыйы», - деп

жауап берді.

***