Previous Page  116 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

116

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қайта қайталады. Артынша әлгі сахабаға қарап:

«Аллаһ жолында жиһад

еткенжан кімге ұқсайтынын біле місің? Соғысқа кеткенжігіт, майданнан

қайтып оралғанға дейін, үзбей намаз оқитын, ауыз ашпастан ораза

ұстайтын, Аллаһтың аяттарын мүлтіксіз жүзеге асыратын жанға

ұқсайды. Сенің бұған шамаң жете ме?»

- деді

(Бұхари, Жиһад 1; Мүслим, Имара

110; Тирмизи, Фадайлул-жиһад 1)

.

Аллаһ жолында еңбек ету, кез келген жанның шама-шарқы мен

қабілетіне қарай өзгеріп отырады. Біреу дүние-мүлкімен, ал біреу жан-

тәнімен тер төгеді. Бәз біреулер білімімен, тағы да басқа бойындағы

қасиеттеріменАллаһжолында аянбай еңбектенеді. Мүмин ниеті арқылы,

істеген әрбір ісін Аллаһ жолына арнай алады. Ішіп-жеуі, жұмыс істеуі

тіпті ұйқыға бас қоюының өзі Аллаһ жолында істелген іс ретінде қабыл

етіледі. Адал мал табуға күш салуы, кемшіліксіз құлшылық ету үшін

дұрыс тамақтануы құлшылық болып саналады. Сонымен қатар, Хақ

Тағаланың дініне қол ұшын беруі Аллаһ жолында еңбектенуге кіреді.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үлкен қарапайымдылық, сыпайылық танытып

Аллаһ үшін қолынан келген істің бәрін іске асырып отырған. Бір

мемлекеттің басшысы бола тұрып Пайғамбар мешіті салынғанда

сахабаларымен бірге кірпіш тасыды. Ол кірпіш тасып жүріп:

«Бұл жүк Хайбар жүгі емес. Уа, Раббымыз! Бұл сенің құзырыңда мәңгі

қалатын, өзгеден жақсы әрі таза іс»

, - деп айтушы еді

(Бұхари, Мәнақибул-

Ансар 45)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сөздерімен сахабалар әрі өзі тасыпжүрген

жүктің дүниелік бір пайда үшін емес екендігін көрсетті. Әрі Аллаһ

жолына төгілген тердің саудагерлердің Хайбардан алып келіп жатқан

құрма, мейіз секілді материалдық дүниенің пайдасынан артық, қайырлы

екендігін білдіргісі келді.

Сол мешіт салынып жатқанда топырақ тасып жүрген бір кісі

Пайғамбарымызды көріп қалып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Рұқсат бер,

кірпішіңді мен тасиын», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Сен бар, басқа кірпішті тасы. Өйткені сен

Аллаһқа менен артық мұқтаж емессің»

, - деді.

77

77. Сәмхуди, Уәфаул Уәфа, Бейрут 1997, І, 333.