(
119
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
кетеді», - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Самура мен маған қарап: «Қанекей
күресіңдер», - деді. Күрестік. Самура мені жығып кетті. Мұны көрген
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған рұқсат берді.
78
***
Жас сахабалардың бірі Мусғаб ибн Умайыр (р.а.) Ұхуд соғысында
Аллаһ Елшісін қорғаймын деп жүріп шәһит болды. Періштелердің бірі
оның бейнесіне кіріп, қолынан туды алған еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
оныңшәһитболғандығынанбейхабарболғандықтан, тудыұстапжүргенге
қарап: «
- Уа,Мусғаб!Алға!»-депайқайлады.Дауыстыестіген
періште бұрылып қарағанда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мубарак сахабасының
шәһит болғандығын аңғарды. Біраз уақыт өткеннен кейін Мусғаб ибн
Умайырдың денесі табылды. Алайда оны орайтын кебін табылмады
(Ибн
Сағд III, 121-122)
.
Кейін әйтеуір қысқа бір кебін табылды. Басын жапса аяғы көрініп,
аяғын жапса басы көрініп тұрды. Жағдай Аллаһ Елшісіне (с.а.у.)
айтылды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мубарак шәһиттің басын кебіндеуді,
ал аяқтарын «арфаж» деп аталатын хош иісті өсімдікпен жабуды әмір
етті
(Бұхари, Жанайз 27)
.
***
Мұсылмандар Бәдірге келіп аяқ тіреді. Құрайыш руы Умайыр ибн
Уәһб және атты әскерлердің бірі Әбу Усаманы бір-бірінің артынан
мұсылмандарды барлауға жіберді. Ислам әскерін айналып қарапшыққан
екі барлаушыбір-бірінеұқсасмынадаймағлұматәкелді. «Уаллаһи, қысыр
әрі ірі түйелер, аттар, мол әскер және үлкен дайындық көрмедім. Алайда
бір жамағатты көрдім. Олар жанұяларына қайтуды емес, шәһит болуды
армандап келген екен. Қылыштан өзге өздерін қорғайтын қарулары, бас
сауғалайтын баспаналары да жоқ»
(Уақиди I, 62)
.
***
Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бәдірге мүшріктер таяп қалған болатын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Биіктігі көк пен жердің арасындай жәннатқа кіру үшін ұмтылыңдар», -
деді. Ансар Умайыр ибн Хумам (р.а.):
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Биіктігі көк пен жердің арасындай жәннатқа
ма? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Иә, - деп жауап берді. Умайыр (р.а.):
– Нендей керемет! Нендей ғажап, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Неге олай дедің? - деп сауал қойды. Умайыр (р.а.):
78. Табари, Тарих, Кайр 1990, II, 505-506; Уақиди I, 216.